8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2020 1650 0
Өзек

102 ДАНА КИІК МҮЙІЗІ ТӘРКІЛЕНДІ

Киік мүйіздерімен заңсыз айналысқан батысқазақстандық азамат ұсталды. 

БҚО аумағында заңсыз аң аулаудың және киіктерді атумен айналысып жүрген қылмыстық топтардың жолын кесу мақсатында БҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимовтың бұйрығымен Департаменттің анағұрлым дайындалған қызметкерлерінің қатарынан жедел-тергеу тобы құрылған болатын. Аталған топты Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылғали Меңдіғалин басқаруымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде департамент қызметкерлері  12 ақпанда Бөкейорда ауданының Бөрлі ауылының маңында сол ауданның тұрғыны 1990 жылғы ер азаматты ұстады, одан киіктің 102 мүйізі табылған.

БҚО ПД Баспасөз қызметі осы факті бойынша Бөкейордасы ауданының Пб Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-1 бабы (Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын мәлім етті. Қазір мемлекетке келтірілген шығын анықталуда.

Бұл ретте, күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің жаңа бабы қолданылатын атап өткім келеді. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жаңа жылдан бастап браконьерлік пен экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жаза қатаңдатылған болатын. Агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша заңнамаға соңғы енгізілген түзетулер шеңберінде ҚР ҚК-нің 337-бабының санкциялары кеңейтілген болатын. Сонымен қатар, ҚК-нің 339-бабы да қайта пысықталып, ол бойынша киіктердің дериваттары мен бекіре балық түрлерімен заңсыз айналысқаны үшін браконьерлер жауапқа тартылатын болды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»