«100 ЖАҢА ЕСІМ»
Батыс Қазақстан облысында Ұстаздар күніне орай өткен мерекелік шара Ақ Жайық өңіріндегі ұстаздардың 100 жаңа есімін дәріптеуге арналды. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан ұстаздарды ұлықтауға арналған салтанатты шара Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, ардагер-ұстаздар, білім беру саласы қызметкерлері қатысты.

Мереке иелерін облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов батысқазақстандықтар атынан құттықтап, білім беру саласын жаңа деңгейге көтеру мақсатында жасалып жатқан игі істерді атап өтті.
– Бүгінгі күннің ең басты жаңалығы – Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауда Елбасы келер жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін тапсырды. Мұның өз себептері бар. Бұл заңдағы негізгі қағида мұғалім тек өзінің міндеті – сабақ берумен ғана айналысатын болады. Жылдың басынан бері өткен жиындарда мұғалім мәртебесін көтеру жайы жиі айтылып келді. Елбасымыз бұған көңіл бөліп, Жолдауында ерекше атап өтті. Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату да назарда болады. Бұл Батыс Қазақстан облысында қарқынды жүзеге асырылуда. Баланың білім алуы – мектепке дейінгі ұйымда қоршаған ортаны тануынан басталады. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру қажет. Елбасы бұл мәселеге де басымдық берді.Білім сапасын көтеруде көптеген жұмыстар атқарылуда. Өткен жылдан бері облысымызда бірнеше мектеп қолданысқа берілді. Биылдың өзінде үш жаңа мектеп тапсырылды. Жуырда Орал қаласы Сарытау шағынауданындағы мектеп құрылысы аяқталады. Мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайтылуда. Бұлардың барлығы – өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында атқарылып жатқан игі істер, – деді Ғабидолла Оспанқұлов.


Салтанатты жиында 2018 жылы өткізілген «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. «Үздік падегог» атанған Тасқала ауданы С.Жақсығұлов атындағы орта мектептің география және биология пәндерінің мұғалімі Николай Вологин, Ақжайық ауданы «Балбөбек» бөбекжайының әдіскері Светлана Сиражева, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Әсел Ғалиасқароваға 2 млн. 400 мың теңгелік сертификаттары табысталды. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Наталья Тыщенко, Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мансия Сакиева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгiсiмен, Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі Қымбат Қуанышқалиева, Қазталов ауданы К.Меңдалиев атындағы орта мектептің математика және физика пәндерінің мұғалімі Гүлбаршын Молдашева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» төсбелгiсiмен марапатталды. Сонымен қатар Ақжайық өңіріндегі кәсіби шеберлігімен ерекшеленген 100 ұстаз қошеметпен сахна төріне шақырылып, облыс әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жаңақала мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлжан Боранбаева облыстық білім басқармасы мен «Ақжайық» телеарнасы бірлесе ұйымдастырған «Үздік ұстаз» онлайн байқауының жеңімпазы атанды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау

Кіру
Пікір үстеу