8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2021 1758 0
Қоғам

1 МАМЫРДА 7 ОРЫНҒА БЛОКБЕКЕТ ҚОЙЫЛАДЫ

         Өңірде 1 мамырдан бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі. Ауру таралу көрсеткіші бойынша қызыл аймақтарға, яғни Орал қаласы, сондай-ақ Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Қазталов, Теректі және Шыңғырлау аудандарына кіреберіске, барлығы 7 орынға блокбекет орнатылады. 

Блокбекеттерден  халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, медициналық ұйымдарда ем алушылар,  жүк тасымалдаушылар және транзиттік жолаушылар, вахта әдісімен жұмыс жасайтындар және оларды тасымалдайтын көліктер кедергісіз өте алады. Сол секілді көктемгі далалық жұмыстармен шұғылданушылар да бұл санатқа кіреді. Барлық бағыттағы  жүк тасымалымен, шаруашылық өмірін қамтамасыз ететін құрал-жабдық, материалдармен айналысатын адамдар анықтамасы болған жағдайда блокбекеттерден  өтеді.  БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, ауру көрсеткіші төмендеп, жағдай түзелер болса, бір апта ішінде бекеттерді алып тастау мәселесі қайта қозғалатын болады.

–  Эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз.  Блокбекеттерді қоюдағы негізгі мақсат – ауру таралған аудандармен байланысты үзу. Осылайша, жағдай тұрақтанғанша, қатынасты шектеу. Негізінен індеттің инкубациялық мерзімі 14 күн болуы себепті жағдай бақылауда болады. Сондықтан блокбекеттерді алып тастау мерзімі әлі белгісіз, – деді БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы.

Оған қоса облыс көлемінде «Ashyg» жобасы енгізіледі.Соған сәйкес БҚО кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысуға өтінімдерді қарау үшін және қатысушылардың тізімін әкімдікке жібереді. Жобаға қатысушылар арасында бұзушылықтың алдын алу және кәсіпкерлік нысандары арасында «Ashyg» қосымшасын қолдану, енгізу және пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жасы 65-тен асқандарға аса қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерлерінен кетпеуге кеңес беріледі. Ал жолаушылар әуежай мен темір жол вокзалына билетті көрсеткенде ғана жіберіледі. Блокбекеттер қаламен аудан шекарасына қойылып, тәртіп сақшылары мен дәрігерлер ауысым бойынша қызметке тартылады.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
359 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»