8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қаңтар 2022 1794 0
Қалалықтар қаперіне

1 АҚПАННАН БАСТАП ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Биыл қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттарын беруге 150 миллион теңге бөлінген. Тұрғын үй сертификатына ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша екінші деңгейлі банктен өтініші қанағаттандырылған азаматтар ие болады. Бұл туралы Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев түсіндірді.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағыттары бойынша әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз және әлеуметтік қолдау бағытында қайтарымды негізде 1,5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде беріледі.

-Сертификатты толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар санатындағы және мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру,мәдениет, спорт, ветеринария,агроөнеркәсіп, құқық қорғау салаларында қызмет ететін азаматтардың алуына мүмкіндік бар -деді Ерлан Ерғалиұлы.

Бұл сертификатты алу үшін кезекте тұрған азаматтар алдымен төлем қабілеттілігін растауы тиіс. «Отбасы банктің» тексерісінен өтіп, банк тұрғын үй заемын беруді мақұлдаған соң, қажетті құжаттар мен өтінішті тиісті бөлімге тапсырады.

Сертификат  алуға қажетті құжаттар тізімі: 
- Өтініш; 
- өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
- соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама; 
- жұмыс орнынан анықтама; (әлеуметтік осал топтарды қоспағанда)
- банктен тұрғын үй заемын беруді мақұлдаған хат.
 
Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй заемына мақұлдау алған және табысы бойынша талапқа сәйкес келетін азаматтарға беріледі. Сертификат алу үшін отбасының әрбір мүшесінің табыс мөшері айына 111 665 теңгеден аспауы тиіс.

2022 жылдың 1 ақпанынан бастап тұрғын үй сертификаттын алушы үміткер  құжаттарды «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ.Аманжолов  көшесі,  69/1-үй, 2-кабинетте дүйсенбі — жұма күндері    сағат  9.00 –18.30 аралағында) тапсыра алады.
@jkh_uralsk

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»