ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА 646 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ТҮСТІ
2020 жылдың 11 айында әртүрлі кері байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына халықтан 646 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Өтініш білдіру себептерінің арасында: МӘМС мәртебесін алу, дәрілік заттардың болмауы, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту, емханалар мен стационарларда медициналық көмек көрсету сапасы, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің дәрігерлік этика мен деонтологияны сақтамауы, емдеуге жатқызудан бас тарту және т. б.
Өтініштердің басым бөлігі немесе 618 мыңы консультациялық сипатқа ие, 7314 – шағым, 2816 – медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге алғыс, 229 – жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кері байланыс арналары арасында жасырын көшбасшы позициясын 1406 байланыс орталығы иеленді, ол жыл басынан бері 563 мыңнан астам қоңырау қабылдады. Операторларға ең үлкен жүктеме жазғы кезеңде болды. Сонымен қатар, абоненттердің сұрақтары эпидемиологиялық жағдайда медициналық көмек алуға ғана қатысты емес, өтініш берушілер азық-түлік сатып алуға қаражаттың жоқтығына, жеке өміріндегі мәселелерге шағымданған жағдайлар болды.
Бұдан әрі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жыл басынан бері азаматтардан 72 мыңнан астам месседж тіркелген. @SaqtandyryBot телеграмм-бот арқылы 2489 өтініш келіп түсті.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі жыл басынан бері ӘМСҚ келіп түскен халықтан ең өзекті мәселелерді жинады.
-Егер маған консультациялық-диагностикалық қызметтерге бір ұйымға жолдама берілсе, бірақ мен оларды басқа ұйымнан алғым келсе, не істеуім керек?
– Егер, мысалы, емханадағы пациентке бір зертханаға сараптамаға жолдама берілсе, бірақ ол оны үйіне немесе жұмысына жақын орналасқандықтан басқасына тапсырғысы келсе, оның бұған құқығы бар. Қызметті алғаннан кейін Қордың төлем жүйесінде бірлесіп орындау шарты автоматты түрде қалыптастырылады.
Басты шарт – медициналық ұйым ӘМСҚ дерекқорында тұруы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс. Жеткізушілердің бұл тізімін Қордың сайтынан көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, консультативтік-диагностикалық көмекке бейінді мамандардың (кардиологтар, эндокринологтар, лор, окулистер және т.б.) қабылдаулары, зертханалық талдаулар (қанның биохимиялық талдауы, иммуноферменттік талдау, антиденелерді анықтау және т. б.), диагностикалық қызметтер (эндоскопиялық зерттеулер, электроэнцефалография, эхокардиография, рентген, УДЗ және т. б.) жатады.
– Еңбек мигранттары, тұруға ықтиярхаты бар шетелдік тұлғалар емханаға тіркеле ала ма?
– Тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктердің қазақстандықтармен тең құқығы бар, сондықтан олар жарналарды тұрақты төлейтін және «сақтандырылған» мәртебесі бар жағдайда, емханаға кедергісіз тіркеліп, МӘМС бойынша көмек ала алады.
Еңбек мигранттары МСАК пен мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ететін ерікті медициналық сақтандыру полисін ресімдеуі тиіс. Ол болмаған және айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті аурулар дамыған жағдайда, олар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сене алады.
– Маған өкпе КТ жолдама берілді, менің емханам ынтымақтастықтағы ұйымға қоңырау шалдым, маған бір жарым айдан кейін ғана зерттеу жүргізе алатынымды айтты. Бұл жағдайда не істеу керек?
– Әрекеттер алгоритмі келесідей: терапевтке оралып, басқа клиникаға жолдама алу керек. Пациент сондай-ақ қандай да бір зерттеп-қарау неғұрлым қысқа мерзімде қолжетімді ұйымды өз бетінше таба алады және ол туралы өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлай алады. Айта кету керек, емхана мен таңдалған ұйым өзара байланысты болуы міндетті емес. МСАК дәрігерінен емханада тіпті шарты жоқ кез келген медициналық ұйымға жолдама болған кезде қызметті орындау фактісі бірлесіп орындау шартын автоматты түрде қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Клиника ӘМСҚ дерекқрында тұруы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс екенін еске салу маңызды.
– Балама МӘМС бойынша брекеттер қоя аламын ба?
– БРЕКЕТТЕРДІ орнату МӘМС пакеті бойынша көрсетілмейді, өйткені тістерді тегістеу эстетикалық міндетке ие және ақылы түрде жүргізіледі.
Алайда, 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық стоматологиялық көмек медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі. Балаларға тісті жансыздандыру және жұлу, пломба салу, пульпит, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру, ерін және тіл қылтамыры пластикасы, жақ рентгенографиясы және анестезия бойынша қызметтер қолжетімді.
Кішкентай пациенттерге ортодонтиялық қызметтер де қол жетімді, бірақ жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары болған кезде ғана.
-Демікпемен есепте тұрмын. Жақында маған сақтандырылмағанымды айтып, бұрын алған дәрілік заттарды беруді тоқтатты. Бұл қаншалықты заңды?
– Демікпе динамикалық бақылауды қажет ететін әлеуметтік маңызды ауруларға жатады. Пациент сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан, қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сізге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмектен немесе дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бас тартуға құқығы жоқ.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печати
Пікір үстеу