8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Наурыз 2021 1997 0
Өзек

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Оралда №22 бағытағы автобус жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағыттағы жолмен қозғалған. Ол жауапқа тартылды. Бұл туралы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады. 

30 наурызда Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне  L 647 BC мемлекеттік нөмірлі №22 маршрут жүргізушісі тарапынан жолаушыларды тасымалдау ережелерін өрескел бұзғаны түсірілген видео жолданған. Аталған маршрут бойынша «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетеді.

Факті жергілікті полиция қызметкерлеріне тиісті шаралар қабылдау үшін жолданып, автобус жүргізушісі ҚР әкімшілік-құқықбұзушылыш кодексінің 596-бабы 3-бөлімі (жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сала мамандары қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуына куә болған жағдайда Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің @jkh_uralsk ресми парақшасы direct-не түсірілген фото-видеоларды жолдау қажеттігін ескертеді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»