ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
12 қазан күні сағат 8.40 шамасында Орал қаласындағы Оразбаева көшесі, 49 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Өрт оқиғасы туралы сағат 8.47-де «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ(Орал қ.) ММ» күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына хабарлама түскен. Қызметтің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері барлау жұмыстарын жүргізу барысында 160 шаршы метрді құрайтын аумақта жеке тұрғын үйдің мансарды мен гаражы жанып жатқанын анықтады. Көмекке Қызметтің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және №8 өрт сөндіру бөлімінен қосымша техника шақырылды. сағат 9.55-те өрт ошағы оқшауланып, 11.35-те толығымен жойылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Төтеншеліктер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Үйдегі электр сымдары және розеткаларды қарап, электр тұрмыстық құралдарды, электр жылытқыштары мен жанулы пештерді бақылаусыз қалдырмауды сұрайды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу