Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
Ағымдағы жылдың 10 – 20 мамыр аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының І кезеңі өтуде.

Негізгі бағыттар ол – қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу, соның ішінде бұзақылық, вандализм, мүліктің бүлінуі және тағы да басқа азаматтардың тыныштығын бұзатын іс-әрекеттер, қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету.
Іс-шараның бес күнінің қорытындысы бойынша облыс аумағында кезекші тәулікте 48 қылмыс ашылды. Тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 45 азамат ұсталып, заңсыз сақтаған 1 атыс қару, 3 есірткі және 41 үшкір-кескіш зат тәркіленді. Сондай-ақ Атырау облысы Полиция департаментінде іздеуде жүрген заңсыз есірткі заттарды ірі көлемде дайындап өндеп сатқаны үшін бір қылмыскер ұсталды.
Қабылдау-тарату орнына 42 тұрақты мекен жайлары жоқ тұлға орналастырылды, қоғамдық орындардан уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына 197 азамат жеткізілді, 6 кәмелетке толмаған жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.
Іс-шара кезінде 2000–нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың алды алынды, оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 236 құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК 434-б.), алкоголдік ішімдік ішкені үшін 258 (ӘҚБтК 440-б.) және көлік құралын масаң күйінде басқарғаны үшін 33 (ӘҚБтК 608-б.) жүргізуші ұсталды.
Жасөспірімдерді түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында немесе тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болмауынсұраймыз.
Жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген орындардан өтіп және жүргізушілер Сізді көріп жол бергеніне көз жеткізген, сондай-ақ ұялы телефондарға алаңдамауға абзал.
Ата-аналардан балаларына электр самокаттармен жолда басқармау туралы тусіндіруді сұраймыз.
Қарапайым ережелерді сақтау адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
«Таза Қазақстан» – экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды кездесу
Казахстан вошёл в топ-40 экономик мира – данные международных аналитиков
Казахстанцы своими голосами продемонстрировали настоящий патриотизм, поддержав все инициативы Главы государства – Олжас Бектенов о новой Конституции
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конституции
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой

Кіру