ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН 39 ПӘТЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНА ТЕКСЕРУГЕ ЖОЛДАНДЫ
11 – 25 мамыр аралығында Орал қаласында «Рецедив» алдын алу іс-шарасы өтті. Орал қаласы Полиция басқармасының есептік базасында тұрған 951 тұлға тексеріліп, алтауының құқықбұзушылыққа жол бергені анықталды.
Тексеру барысында құқықбұзушылыққа жол бергені анықталғандардың екеуіне қатысты қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 461-баппен хаттама толтырылды.
Екі тұлғаға сотпен қойылған ерекше талапты бұзғандары үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 669 б.2 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұрын сотты шартты сотты болып, мерзімінен ерте босаған бір азаматқа түнгі сағат 23.00-ден кейін үйінде болмағаны үшін ескерту берілді.
Әкімшілік қадағалау бойынша формальды түрде есепте тұрған екі тұлғаның тексеру барысында құқық бұзушылыққа жол бергені анықталды.
Әкімшілік қадағалауға екі азамат алынды, 55 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы қойылса, 4 тұлғаға қатысты сотпен ерекше талап алынды.
Есепте тұрған 516 тұлғамен алдын-алу әңгіме жүргізіліп, 43 лекция және тренинг өткізілді.
74 велосипед тексерілді. Осы уақытта 39 жалға берілетін пәтер анықталып, мемлекеттік кірістер басқармасына тексеруге жолданды.
Айта кетейік, аталған алдын алу іс-шарасының мақсаты – отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың және рецидивті қылмыстардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық қызметін күшейтіп, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу