8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2022 1439 0
Ғылым

Жаңа электронды оқу құралы жарық көрді

Бүгінде М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде білім беруде электронды басылымдар мен ресурстарды дайындап, оларды қолданысқа енгізу дәстүрге айналған. Университеттің шетел тілдері кафедрасының доценті, п.э.ғ.к. Г.Н. Кисметова мен МИЯ-21 тобының 2-курс магистранттары Султангазиева А.К., Шынболатова Н.Т. «Easy explained English grammar» атты кезекті электронды оқу құралын дайындады.
«Easy explained English grammar» электронды оқу құралының басты құндылығы – шет тіліндегі мамандыққа байланысты қосымша кәсіби білім алулары үшін олардың жеке және кәсіби дамуы болып табылады. Бұл электронды оқу құралы мектеп, университет және колледж оқушыларына арналған. Шет тілдерін меңгеру студенттерге жеке және кәсіби дағдысын дамыту үшін қажет, ал шет тілін еркін меңгеру шетелдік әріптестермен кәсіби қарым-қатынас жасау үшін қажет. ​
​Қазіргі кезде қазақ тілінде жазылған электронды оқу құралдарының өте аз болуына байланысты бұл электронды оқу құралының жасаудың қажеттілігі болды. Бұл электронды оқу құралы курс бағдарламасына сәйкес жазылған. Курстың жалпы міндеті орта мектепте игерген материалды қайталау және жалпылау, сондай-ақ мектеп, университет және колледж оқушыларының күнделікті өмірі мен олардың болашақ кәсіптік қызмет саласында ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту әрі жетілдіру, ағылшын тіліндегі әдебиетті оқып, түсіну үшін қажетті білім қорын қалыптастыру кіреді. ​
​Курс 20 модульдік сағаттардан тұрады. Әрбір модуль грамматикалық түсіндірмелер, тақырыпқа байланысты жаттығулар жинағы және өз-өзін тексеруге арналған тест жиынтығынан құрастырылған. Грамматикалық түсіндірмелерге сөйлеу дағдысын меңгеруде және ағылшын тіліндегі мәтіндерді түп нұсқасында оқып түсінуде көмек ететін ағылшын тілі грамматикасының басым қолданлыатын ережелері енгізілген. Бұл бөлімде әрбір студент өткен материалын еске түсіріп қана қоймай, түсінбеген тұстарын еркін меңгереді, барлық мысалдар оңайландырылған, тез ұғынып алу үшін арнайы реттеліп жасалған. ​
​Оқулықта ағылшын тілін меңгерудің практикалық жағына екпін түсірілгендіктен, теориялық материал мүмкіндігіне қарай қысқа әрі нұсқа етіп баяндалады. Жаттығулар жүйесі оқушылардың теориялық материалды меңгеру деңгейіне қарай әртүрлі типтегі тапсырмаларды қамтиды. Сонымен қатар, жаттығулар өткен матиериалды бекіту үшін арнайы реттеліп, ыңғайлардырылған. Әрбір модульдің соңында келген тест сұрақтары оқушыларға өз білімін тексеруге, қайталауға септігін тигізеді. ​
​Бұл электронды оқу құралы барлық ағылшын тілі грамматикасын меңгерушілерге арналған.

Айнур ШУЙНШАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
110 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
109 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
592 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
670 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
681 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
710 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
726 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1097 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1224 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1257 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1532 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1540 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1673 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1965 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2065 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2089 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2300 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»