8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Наурыз 2021 3129 0
Жалын

ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Бүгін Орал қаласында кәсіпорындардағы жұмысшы жастар арасында «Еңбек кубогы – 2021» шағын футбол турнирі өтті.  Турнирді қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды. Жарысқа жеті кәсіпорынның  командасы қатысты. 

Аяқ доп әуесқойларының басын қосқан турнир салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спорттық әлеуетін дамыту және зауыт, кәсіпорындар арасындағы достастықты арттыруды мақсат етті.

Жарыс қорытындысында «Орал құйма-механикалық зауыты» командасы үшінші орынға тұрақтады. Финалдық бәсеке «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ мен БҚО ТЖД-ның өрт сөндіру және  аварияық құтқару бөлімі арасында тартысты  өтті. Бұл кездесуде алғашқы голды Өрт сөндірушілер салды. Десек те аталған команда  өз қақпаларына 3 гол өткізіп алған. Осылайша, Өрт сөндіруші-құтқарушылар – екінші орынға ие болды. Қарсыластарына дес бермеген  «БҚ машина жасау компаниясы» АҚ командасы – бірінші орынға шықты.

«Үздік қақпашы» номинациясын  «Орал құйма-механикалық зауыты» командасының қақпашысы Самат Мұхатов иеленсе,  Өрт сөндіруші-құтқарушылар командасының шабуылшысы Юрий Васильевич «Сұрмерген» атанды.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»