ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ
Орал қаласындағы №46 ЖОББ мектептің үш түлегі еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды.
Білім ұясын «Алтын белгімен» аяқтаған Елмира Исмағұлова екі оқу орнында тегін білім алу грантына ие болып отыр. Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы ұйымдастырған «Жеті Жарғы» олимпиадасына қатысқан өренге академияның «Заңтану» факультетіне 4 жыл тегін білім алу гранты ұсынылған. Сондай-ақ Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған республикалық пәндік олимпиадасында 1 орын алып, осы оқу орнының заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша 100 пайыз грантын иеленді.
«Үздік аттестат» иегері Алина Тәжібаева да екі оқу орнының грантына және бір оқу орнына жеңілдікке ие болып отыр. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен VIII Республикалық «Ясауи» олимпиадасына Дүние жүзі тарихы пәні бойынша қатысып, 3-орын алған әрі грант иегері атанды. Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы ұйымдастырған «Жеті Жарғы» олимпиадасының қорытындысы бойынша грант ұтып, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің пәндік олимпиадасына қатысып, 4 жылдық оқуға жеңілдік иеленді.
Аружан Сағатова есімді түлек еліміздегі әлемдік стандартта білім беретін ерекше әрі жастардың арманына айналған Назарбаев университетінің білім грантын ұтып алып, оқуға жолдама алды.
Айта кетейік, аталмыш білім ұясын биыл 74 түлек аяқтады, олардың екеуі – «Алтын белгі» иегері, үш түлек «Үздік аттестат» алды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу