8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Тамыз 2020 1073 0
Қоғам

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ҚАРАЛДЫ

3 тамызда «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. Саметтің қатысуымен БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары қаралды.

Сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Ш.Кайрмуханованың есебі тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Н. Самет осы мәселені құқықтық реттеуді қамтамасыз ете отырып, аудандық бөлімшелердің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыруға жауапты лауазымды тұлғаны анықтауды ұсынды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауында болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
21 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»