8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Желтоқсан 2024 601 0
Дені сау ұлт

«Вакцина алу керек!»: аналар не дейді?

Жуырда  қалалық әкімдік ғимаратының үлкен залында жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын басты себептер мен оның жұғу  жолдарының алдын алу, жасөспірімдер арасында вакцина алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар  туралы жиын өтті.

  Қала әкімінің орынбасары Асылан Тапишев және емханалар мен мектеп директорлары, облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің өкілдері қатысқан басқосуды Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының бөлім меңгерушісі Ұлжан   Қисметова жүргізді. Алдымен қала әкімінің орынбасары Асылан Тапишев аталмыш аурудың алдын алу бойынша қолға алынған шараларға тоқталды.

  Жатыр мойнының ісігі бойынша 100-ден астам елде вакцина алу қолға алынған. Дәлірек айтқанда, Орал қаласы бойынша 11 жастан асқан 2900 дан аса жасөспірім егуге жоспарланып, соның ішіндегі тек қана 371-і тіркеліп тұр екен. Бүгінде егумен қамту 12,5 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр. Бұл өте төмен деңгейді танытады. Жоспарланған екпеге ата аналардың  85 пайызы қарсылық білдірген. Атап айтсақ, №22 мектепте екпе алу 53 пайызды құрайды. Ал қалған мектептерде егу көрсеткіші төмен жағдайда және баяу жүріп жатқанын аңғартады.  Осыған байланысты ұстаздардар мен  мектеп директорлары және сынып жетекшілері ата анамен тығыз байланыс орнатып, вакцина алуға белсенді  жұмыстану керек, -деді қала әкімінің орынбасары А. Тапишев.

          Бұдан соң облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Асылжан Қуанышқалиева аталмыш вирусқа халықтың сенімділігін арттыру және оның қауіпсіздігіне орай қолданатын шаралар жөнінде баяндады. –  Қайырлы күн жиынға қатысушылар! Өздеріңізге мәлім болғандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан  бастап жатыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы екпе басталып, жұмыс жалғасып жатыр. Облыста 2500 ға жуық 11 жастан алты ай асқан қыз балалар екпе алды. Бірақ та  әлі күнге дейін вакцина жұмысын  белсенді жалғастыру ауқымды ісі күтіп тұр. Сондықтан сіздерден,мектеп директорларына  ұсынысым ведомство аралық ынтымақтастықтың күшейгенін өтініп сұраймын? Сондайақ, денсаулық сақтау мен  білім саласы, қоғамдық даму басқармасынан да қолдау күтеміз. Бұл екпе әлем бойынша 2006 жылдан басталды. Біздің елімізде ағымдағы жылы ғана күшіне енді. Бұл дерт бойынша  нақты шешім қабылдап, бірлесіп жұмыс жасау қажеттігі туындап отыр.  Басты мақсат ауруды туғызатын қоздырғыштар туралы түсінік берілді.  Вакцина жүргізу міндетті.  Өйткені, оның  таралуы  мен өлім деңгейі жоғары. Күн сайын осы аурудан бес адам  қайтыс болады.  Және 1999  жылдан   бері  тудыратын қоздырғыштың  анықталғаны мәлім.  Бұл ауру  25- 44 жастағы әйелдердің арасында жиі кездесіп тұр. Әсіресе, мойын, бас, жұтқыншақта пайда болады, -деді Асылжан Серікқызы.

         Басқосуда сөз сөйлеген облыстық онкология диспансерінің емхана бөлімінің меңгерушісі Құл Мұхамед Әбдуғалиев  жатыр мойны ісігінің таралуы, емі және алдын алу жұмыстары жайында тарқатып айтты. Жатыр мойны ісігі –  бұл әйеладамдардың жатыр мойнының қатерлі ісігі. Мұның жағдайының барлығы дерлік АПВ инфекциясынан туындайды. Оның дамуына осы инфекцияны жұқтыру ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Жыл сайын осы кеселдің салдарынан 600-ге жуық әйел көз жұмады. Елімізде  осы аурудың барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі таралған обырдың екінші түрі болып есептеледі. Статистикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстанда жатыр мойны обыры қатерлі ісіктің арасында сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Соңғы жиырма жылда жатыр мойны  ісігінің26 пайызға көбейгені анықталып отыр. Олардың 14 түрі онкологияның дамуының жоғарғы қаупіне ие. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, 10 әйел мен бір ер адамның шамамен сезігі 25жасқа дейін беріледі. Ауру ылғалды жерде  тез тарайды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда, сауна, монша, спорт залда, бассейнде жұғуы мүмкін. Тікелей жолмен жұғу кезінде анадан сәбиге, оның  жолдарымен өту кезінде берілуі мүмкін. Өзіне өзі жұқтыру жолы-қырыну, эпиляция кезінде дененің екінші бөлігінежиі ауысады. Бір сөзбен айтқанда, үстіміздегі жылы 11 жастан астан қыз балаларға екпе егу арнайы қаулыға сәйкес ата –анасының рұқсатымен салынуда. Дегенмен де екпе салуда  одан әрі белсендірек болып, ұйымшылдық танытайық,– деді Құл – Мұхамед Әддуғалиев.

     Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Ғұбайдуллина жатыр мойны ісігінің алдын алу шарасы бойынша жұмыстың сылбыр жүріп жатқанын айтып, барлық ұстаздар қауымы мен ата аналардың белсенділік танытуына өтініш білдіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.

                                                                                Гүлжан  СЕРІКҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Жылан жылына жаңа үй!
30 Желтоқсан 2024
602 0
Дені сау ұлт
«Вакцина алу керек!»: аналар не дейді?
30 Желтоқсан 2024
601 0
Көңіл айтамыз
Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады
25 Желтоқсан 2024
1090 0
Қалалықтар қаперіне
«Jaña klub» орталықтары таныстырылды
16 Желтоқсан 2024
1972 0
Бәрекелді!
400 орындық мектеп ашылды!
14 Желтоқсан 2024
2241 0
Бәрекелді!
Мәслихаттың қоғамдағы орны ерекше
13 Желтоқсан 2024
2391 0
Ғылым
Ғалымның мұрасы ұлықталды
13 Желтоқсан 2024
2377 0
Бәрекелді!
Рухани құндылықтар орталығына – 80 жыл
12 Желтоқсан 2024
2419 0
Мәслихат жаршысы
Мәслихат сессиясы өтті
12 Желтоқсан 2024
2462 0
Қалалықтар қаперіне
NABICOM – ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР ҮШІН ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ!
10 Желтоқсан 2024
2658 0
Білім
Келер жылдан үміт көп
09 Желтоқсан 2024
2695 0
Білім
ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҰМТЫЛҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ
09 Желтоқсан 2024
2618 0
Қалалықтар қаперіне
Халық өз таңдауын жасауда
08 Желтоқсан 2024
2697 0
Қоғам
Бюджет нақтыланды
07 Желтоқсан 2024
2761 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа тағайындау!
03 Желтоқсан 2024
3048 0
Қалалықтар қаперіне
Мәдениеттің мәселесін талқылады
30 Қараша 2024
3071 0
Білім
Білім алудың артықшылығы
28 Қараша 2024
3129 0
Қалалықтар қаперіне
Кеңесте үш мәселе тыңдалды
28 Қараша 2024
3137 0
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
3575 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
2559 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
3811 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
4285 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
4656 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
3518 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
4998 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»