«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ АЯСЫНДА КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Республикалық «Учаске» профилактикалық іс- шарасы аясында оралдық полицейлер пәтерлер мен саяжай аумақтарын аралап, тексеру жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және БҚО ПД-нің 2020 жылғы 5 қыркүйектегі нұсқауына сәйкес, халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 7 қыркүйектен басталған болатын.
Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабардар еткендей, бүгінге дейін Орал қаласы ПБ ЖПҚб учаскелік полиция инспекторлары 68 390 көп қабатты жәйлі пәтерлерді, 52 962 жеке жер үйлерді, 411 жалдамалы пәтерлерді тексерді. 17 039 саяжай үйінің 4676- сын тексерді. 15 шаруа қожалығын қарады. 12 белгілі тұрағы жоқ тұлғаны БҚО ПД нің қабылдап тарату орынына жеткізді. Мектеп инспекторлары көшеде қараусыз жүрген 22 жасы кәмелетке толмағандарды ұстап, 13- ін уақытша бейімдеу орталығына орналастырды. Бұған дейін профилактикалық есепке қойылған тұлғаларды да мекенжайларына барып кешенді тексеріс ұйымдастырды.
Соңғы бір аптада әлеуметтік жағынан аз қамтылған, өнегесі төмен 2 отбасы есепке қойылды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 484-бабына сай азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзған 2 тұлға, жалпы жедел алдын алу шарасы басталғалы 8 тұлға анықталды. Жедел алдын алу шарасы басталғалы бері қаруларды сақтау мерзімі аяқталған 4 азаматты, соңғы бір аптада 1 қару иесін тапты.
«Учаске» республикалық профилактикалық іс-шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу