8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Мамыр 2021 1634 0
Қоғам

ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН БОЗДАҚТАРҒА ТАҒЗЫМ

           Бүгін,  31 мамыр –  Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай оралдықтар қала шетіндегі жаңа зират маңына жиналып, тоталитарлық жүйенің жендеттері жазықсыз қуғынға ұшыратып, қатыгездікпен жазаланған отандастарымыздың рухы алдында аза тұтты. Сондай-ақ  саяси қуғын-сүргін құрбаны болған тұлғаларға орнатылған ескерткіш тақталар жанында  митингтер ұйымдастырылды.  

ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың  тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. Миллиондаған адам бас бостандығынан айырылды, мыңдаған арысымыз жазықсыз атылып, халықтың көбі ашаршылық құрбаны болды. 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бұл күн – халқымыздың басынан өткен төл тарихтың белгісіз болып кеткен беттерін терең ұғыну үшін, сол қателіктердің болашақта қайталанбауы үшін қажет.

Зират басында өткен азалы жиында ҚМДБ-ның өкіл имамы Бақытжан Құралбайұлы қуғын-сүргін құрбандарына құран бағыштады. Спасо-Преображенской шіркеуінің діни қызметкері Владимир әкей рәсім-жоралғысын орындады.

Өздерінің ойларын батыл жеткізіп, мәлімдегендері үшін аяусыз әрі қатыгездікпен атылған  Е.Тоқсанов, М.Амосов, Ж.Досмұхамедов, Ш.Қаратаева сынды жерлестерімізге арналған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, Мұнайшылар гүлбағында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында азалы жиын өтті.

Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, БҚО-дағы Корей этно-мәдени орталығының төрайымы Бэла Тю, корей этно-мәдени оталығының өкілдері және білім беру саласы қызметкерлері мен оқушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Корей этно орталығының ақсақалдар алқасының төрағасы Владимир Хон қуғын-сүргін салқыны корейлерге де тиіп, бейбіт халық Қиыр Шығыстан мәжбүрлі түрде көшірілгенін айтты. Бұл 1937 жылдың қыркүйегі еді.

– 175 мыңдай этникалық корей өздеріне беймәлім жерге көшірілді. Қараша айы. Салқын түскен уақыт еді. Кейбірі сиыр қораларға орналасты, кейбірі далада жерді қазып, паналауға мәжбүр болды. Сол қиын кезеңде жергілікті халық өздерінің жарты құртын бөліп беріп, біздің ұлтымыздың аман қалуына көмектерін көрсетті. Ол – қазақ халқы болатын. Бүгін міне, тәуелсіз қазақ елінде  корейлердің бесінші ұрпағы өзгелермен тең құқықта өмір сүріп келеді, – деді В.Хон.

Қала мектептерінің  оқушылары қаламгерлердің  ызғарлы жылдар жаңғырығына арнаған өлеңдерін оқыды.  Корей этносы осы тарихи кезеңді естен шығармау, қазақ халқының қонақжайлығын, ілтиптын ұмытпау  мақсатында қойылған «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.

Сондай-ақ бұл күні Жаһанша Досмұхамедов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының қиылысы, Ғұмар Қараш көшесінде боздақтарға арналған пилондар ашылды.

Айта кетейік, тарихшылардың дерегінше, КСРО бойынша 1927-1953 жылдары 60 миллион адам, оның ішінде Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Жазықсыз 631 атылған адамның 80 пайызы алаштың арыстары және ірі мемлекет қайраткерлері болған. Былтыр Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың шешімімен тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия жұмысын бастады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
313 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
457 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
495 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
763 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
778 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
904 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1207 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1298 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1323 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1536 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1807 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2028 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2072 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2214 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»