ТІГІН ЦЕХЫ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШЫП, ӨНДІРІС ҚУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРМАҚ
Орал қаласында бірнеше жылдан бері арнаулы киімдер тігумен айналысатын «Адванс-маркет» ЖШС қызметкерлерінің 80 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандар. Осы уақытқа дейін жалдамалы орында жұмыс жасаған мекеме жаңа тігін цехына көшті. Алдағы уақытта өндіріс қуаттылығын арттырып, қосымша жұмыс орындарын ашпақ.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы қайырымдылықты, меценаттықты, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті, демеушілікті де атауға болады. Осы ретте кәсіпкер Берік Әбілқасовтың жетекшілігіндегі кәсіпорын есту-сөйлеу қабілеті бұзылған тұлғаларды жұмыспен қамтып отырғанын ерекше атап өту қажет. Қазіргі уақытта арнайы тігін цехында 25 адам жұмыс жасайды. Оның 80 пайызы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Жаңа цехтың ашылуында қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев компанияның әлеуметтік жауаптылығын ерекше атады.
– «Адванс-маркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өте белсенді және қаланың тыныс-тіршілігіне жауапкершілікпен қарайтын бизнес субъектілерінің бірі. Соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысып, мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жасауда. Қаламызда ұйымдастырылған шараларда қоян-қолтық атсалысып келеді, – деген Е.Ғалиев ашылған цехтың өз брендін қалыптастырған үлкен кәсіпорынға айналуына тілектестігін білдірді.
Бес жыл бұрын кәсіпорынның іргесі қаланған сәтте кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды алдына мақсат етіп қойған. Ойға алған мақсаты орындалды. Бүгінде цехтың жұмысы өрлеп тұр. Меншікті, кең, жаңа орынжайға көшуі соның нақты бір дәлелі десек болады.
– Жаңа нысанның аумағы 3000 шаршы метр. Еліміздің әр түкпірінен тапсырыс алып, мектеп формасынан бастап арнайы киімнің сан түрін тігеміз. Тұрақты клиенттеріміз де қалыптасты, – дейді Берік Әбілқасов.
«Адванс-маркет» тілін цехы «Белес агро» АҚ, «Орал трансформатор зауыты және «Потенциал Ойл» ЖШС сынды елге танымал компаниялармен бірлесе жұмыс жасауда. «Жасыл ел» еңбек жасақтарының арнаулы киімдерін де тігіп берген болатын. Пандемияның алғашқы кезеңінде маска тігу өндірісін арттырды. Ал жуырда «Қала күні» логотипімен шығарылған маскаларды осы компания басып шығарған.
Жаңа орынжайға орналасқан цехта жұмыс бұрынғыдан да қарқынды болады деп күтілуде. Мұнда қазақстандық нарықты қажетті тігін өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жеткілікті қуаттар бар – жоғары технологиялық жабдық, сапалы материалдар, білікті персонал.
Сонымен қатар өндіріс көлемін арттырған кәсіпорын жаңа жұмыс орындарына байқау жариялап отыр. Кәсіп иесінің мәліметінше, кемі 15 бос орын болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру

Пікір үстеу