8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2023 2533 0
Білім

Тағылымы мен тәлімі мол кездесу

Бүгін, 19 қазан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Өмірін өрнектеген өлең-жырмен» атты ақын Ғайсағали Сейтақтың 65 жас мерейтойына арналған кездесу кеші өтті.

Кеште педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев модераторлық етті. Университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мерген Сүлейменов алғы сөз алып, ақынға қош келдіңіз айтты. Білім ордасының ректоры, профессор Нұрлан Хабиболлаұлының Құттықтау хатын ұсынып, шапан жапты. Кездесу кешінде ақынның асыл жары Тамара Нәбиқызы да болып, университет ұжымына ризашылығын білдірді.


Филология ғылымдарының кандидаты,  профессор Зинулла Мүтиев, филология ғылымдарының докторы,  профессор Ғабит Хасанов ақын поэзиясының көркемдік, тілдік ерекшеліктеріне тоқталды. Шараға жазушы, «Жайық үні» ЖШС газетінің директор-редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиева, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ақынның группаласы Аянбек Мыңбаев, Жаhанша Досмұхамбетов
атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қырымжан Жақыпова шақырулы қонақ болып қатысып, естеліктерді еске түсіріп, мерейтой иесіне ізгі тілектерін айтты.Бұдан кейін ақын Ғайсағали Сейтақ бірқатар өлеңдерін өзі оқып, туу тарихын бөлісті.

Студенттер ақынның өлеңдерін оқып, арнау шумақтарын арнады. Домбырамен ән салып, скрипкада әсем күй шертті. Көкейдегі сауалдарын қойып, естелікке суретке түсті.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
46 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
262 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
600 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
316 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»