ТҰРҒЫНДАР ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫНА ШАҒЫМДАНДЫ
10 қарашада «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық кеңсесі Орал қаласының құрылыс басқармасы өкілдерімен бірлесіп жалдамалы тұрғын үйлердің құрылыс сапасына мониторинг жасады.
Іс-шарада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Орал қаласының Мөңкеұлы көшесі 83, 85/2, 85/6, 83/2 мекенжайында орналасқан жалдамалы тұрғын үйлер бойынша мониторинг жүргізілді. Жалдамалы үйлердің тұрғындары үйдің терезелерінің сапасыздығына және үйлердегі қабырғалардың жарылғанына шағымданды.
Анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.
Версия для печати
Пікір үстеу