ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Осыдан 11 жыл бұрын тұлымдары желбіреп, жүректері лүпіл қағып мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздар ойы толып, білім нәрімен сусындап жаңа өмірге қадам басты. Оралдағы орта мектептер биыл 2285 түлекті өз ұяларынан ұшырды. Дәстүрлі мектеп бітіру кештері ұйымдастырылмағанымен, санитарлық талаптар ескеріліп, бүгін 14 маусым күні әр мектепте салтанатты жағдайда «Тәуелсіздік ұландары» атты аттестат табыстау шарасы өтті.
Қала әкімі А.Шыныбеков №45 жалпы орта білім беру мектебінің түлектерін 11 жыл алған білімдерін куәландыратын құжатты алуларымен құттықтады. Бұл мектептен 35 түлек жаңа өмірге қанат қақты. Түлектердің екеуі – «Алтын белгі», үшеуі – «Үздік аттестат» иегері атанған.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім саласына қатысты қабылдаған стратегиялық шешімімен жас ұрпақтың білім алуына маңызды басымдық берілгені өздеріңізге белгілі. Нәтижесін егемендіктің осы кезеңінде өзіміз көріп отырмыз. Алдымыздағы жас түлектеріміздің әрқайсысы алтын ұя мектептерінде 11 жыл оқып, ұстаздар тарапынан сапалы білім, саналы тәрбие алып, «Өмір» деген үлкен теңізге аяқ басқалы тұр. Әрине, бұл өмірдің талай-талай кедір-бұдырлары болатыны сөзсіз. Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз бұл жолда сенімді серік болады деп сенемін. Өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңыз арқылы осы дүниенің бір кірпіші болып орындарыңызды табуларыңызға тілектеспін, – деді Абат Абайұлы.
Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұландары» шарасы аясында өңірімізде алты мыңға жуық түлекке орта білімді аяқтау туралы аттестат табысталды. Соның ішінде 425 «Алтын белгі», 213 «Үздік аттестат» иегерлері бар. Соның ішінде қаладағы орта мектептерді 2285 түлек аяқтады. Олардың 111-і «Алтын белгі», 67 түлек «Үздік аттестат» иегері атанған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру


Пікір үстеу