8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Ақпан 2024 2771 0
Қоғам

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – ұлт болашағының негізі

Бүгін, ақпанның 5-і күні «КазИИТУ» ғылым-білім кешенінің Студенттер сарайында «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» атты тақырыпта басқосу өтті.


Жиынды Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов ашып жүргізіп, шараның мән-маңызы,мақсатымен таныстырды. Алдымен сөз сөйлеген ҚР Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, «КазИИТУ» ғылым-білім кешенінің құрылтайшысы, академик Ақсерік Әйтімов сыбайлас жемқорлықтың аталмыш оқу орнында алдын алу жұмыстарының үнемі бақылауда екенін айтты.

Бұдан соң «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ төрағасы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі Мэлс Семғалиев азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толық қалыптастыру үшін бірқатар шарттар керектігін, мәнң мен мазмұны, мақсаттары, субьектісі, нысандары мен іске асыру салаларына тоқталып, көптеген мысалдар келтірді. Сондай-ақ облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов Қазақстанның әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, еліміздің одан әрі дамуы биік дәрежеге жеткізетінін алға тартты.

Жиында №5517 әскери бөлімінің аға лейтенанты Данияр Құспанов жастардың бойында әрдайым еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі болуы тиіс, қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған қауіпті індетпен баршамыз бірдей күресе аламыз деген ойын жеткізді.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Бұл мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің №6 санынан оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
145 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
356 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»