8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Маусым 2021 1828 0
Жалын

СТУДЕНТТЕР УНИВЕРСИТЕТ АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУДА

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Индустриалды-технологиялық институтының» студенттері оқу орны ғимаратының аумағын абаттандырып, жұмыла еңбек етуде. Бұл туралы университеттің медиа-орталығы хабарлады. 

Еңбектің көрігін қыздырған «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінің 1, 2, 3-курс студенттері өз мамандықтарына осылайша бүгіннен бастап адалдық танытуда. Мұндағы мақсат – оқу-танысу және өндірістік тәжірибе уақытын ұтымды пайдалану, студенттерді еңбекке баулу, өздері білім алып жүрген қара шаңыраққа деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін арттыру. Еңбекшіл жастар өздеріне қойылған талаптарға сай аса жоғары жауапкершілікпен қызмет атқаруда.

Тағы бір айта кетерлігі, болашақ құрылысшылар «Индустриалды-технологиялық институт» қарамағындағы «Жас құрылысшы» оқу-ғылыми-өндірістік орталығында төсемтас өндіріп, білім ордасының аумағына төсеуге пайдалануда. Осылайша білім алушылар өздері таңдап түскен,  қызығы мен қиындығы қатар жүретін, мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосатын «құрылыс» мамандығының қыр-сырымен жете танысуда. Ал бұл салада белгілі дәрежеде тәжірибелері бар 3-курс студенттері өз білімдерімен бөлісіп, жұмыстың барысын 1-курстың білім алушыларына үйретуде.

Жалпы «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінде оқу жылы барысында аудиториялық сабақтармен қоса студенттерді мекемелерге, құрылыс алаңдарына апарып, жұмыс барысымен таныстырып отыру дағдыға айналған.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
256 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»