«Соғыс басталғанда 14-тегі бала едім»
Санаулы күндерден соң Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өткелі отырмыз. Жеңіс сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шебінде жүріп, қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер асыға күтіп жүр.
«Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнекей, жағада тұр», – деп тебіренген Мұқағали жырында ардагерге деген теңдессіз қимастық бар.
«Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі «Көзден таса, көңілден ұмыт» қалдыра алмайтын оқиғалар болады. Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы қасіретті миллиондаған адамның өмірін қиған сұрапыл күнді ұмыта алмайды» дейді біздің кейіпкеріміз ардагер Мырзагерей Өтегенов.
Ләззат ҚАСЫМОВА
Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 7 мамыр күнгі №17 санынан оқи аласыздар.
Версия для печати
Пікір үстеу