8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2026 1386 0
Жалын

Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда

30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің топографиялық қызметі мамандары кәсіби мерекесін – Әскери топограф күнін атап өтеді. Бүгінде олардың қызметі әскерлерді топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық қамтамасыз етудің толық кешенін қамтиды.
Қарулы күштердің әскери топографтары автоматтандырылған жүйелер мен үшөлшемді модельдеу технологияларын белсенді түрде енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда және әскерлерді жер бедері туралы нақты әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуде. Олар оқу-жаттығулар мен күнделікті қызмет барысында қолданылатын топографиялық, теңіз және арнайы карталарды, сондай-ақ қала жоспарларын дайындап, басып шығарады.
Нақты уақыт режиміндегі автоматтандыру жүйелерін енгізу аса маңызды ақпаратты жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Жер бедері туралы цифрлық деректер Қарулы күштердің барлық түрлері мен әскер тектері басқару жүйелерімен жедел біріктіріліп, нысаналарды анықтауға, міндеттер қоюға және әскерлер мен техниканың жай-күйін бақылауға жағдай жасайды.
Дамудың маңызды кезеңі ретінде виртуалды шындық технологияларын қолдану және объектілердің үшөлшемді модельдерін жасау атап өтіледі. Бұл шешімдер басқару органдарына жағдайды қашықтан жан-жақты талдауға мүмкіндік беріп, әсіресе қалалық құрылыс жағдайында іс-қимылдарды жоспарлаудың дәлдігін арттырады.
2025 жылдан бастап топографиялық қызмет мамандары нақты координаттары бар тұрақты геодезиялық пункттер жиынтығынан тұратын арнайы геодезиялық желілерді қалпына келтіру және дамыту жұмыстарын бастады. Мұндай кеңістіктік негіз жоғары дәлдікті қаруды нысанаға алу және бөлімшелердің іс-қимылын тиімді үйлестіру үшін қажет.
Әскери топографтардың кәсібилігі заманауи цифрлық технологиялармен ұштасып, цифрлық ұрыс алаңының сенімді негізін қалыптастырып, әскерлердің іс-қимылындағы дәлдік, үйлесімділік пен қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
97 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
43 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
114 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
107 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
108 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
104 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»