Әскерге баратындарға қатысты мәселе талқыланды
Бүгін, сәуір айының 10-ы күні облыстық әкімдіктің «Ықсанов» залында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен аппараттық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін атқарушы Альберт Бекмұханов әскерге барудан қашып, жалтарып жүрген азаматтарға қатысты хабарламасын мәлім етті. Әскерге шақырылғандар, шеттетілгендер, жалтарып жүргендер бойынша статистикалық деректер келтірілді. – Қордаланған мәселенің негізгі себебі – әскерге шақырылушылардың тұрақты мекенжайларының болмауы. Көпшілігі қалада жұмыс жасайды. Тұрақты тіркелген жері болмағандықтан, борышын өтеуден жалтарып жүргендерді іздестіру және табу жұмыстары қиыншылық туғызуда, – деп Альберт Бекмұханов атап өтті.
Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының міндетін атқарушы Исатай Мыңбаевтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» туралы Ұлттық жоба аясында адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, бірінші сәуірге дейін 7010 адам әр түрлі бағыттар бойынша өтініш берді.
Жиын соңында облыс әкімі Нариман Төреғалиев күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге қатысты айтылған сындардан жауапты мамандар нәтиже шығатындай жұмыстар жүргізіп, үнемі бақылауда ұстауларын тапсырды.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу