ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР ЗАҢМЕН ЖАЗАЛАНАДЫ!
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, жылына екі рет көктем және күз мезгілінде жүргізіледі.
Әскер қатарына 18-27 жас аралығындағы жастар шақырылады. Мерзімді әскерге шақыру кезінде түрлі жағдайларға куә боламыз. Біреулері әскери қызметке құлшынса, кейбіреулері әскери борышын өтеуге асыға қоймайды. Отан алдындағы парызын өтемеу – заңбұзушылық деп есептеліп, құқық бұзушылықтың бұл түріне жаза қолданады. Азаматтар әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайда ҚР ҚК -нің 647-бабына сәйкес әскери есепте тұрған немесе тұруға міндетті азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыру бойынша көрсетілген мерзімде дәлелді себепсіз келмеуі – бес айлық есептік көрсеткішпен 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал азаматтарды әскери есепке қою жөніндегі комиссияның немесе әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландыру не тексерілуден жалтару әскерге шакырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 8 334 теңге айыппұл салуға әкеп соғады.
Мерзімді әскери қызметке шақырудан бас тартқан жағдайда азаматтарға ҚР ҚК-нің 226-Y 387-бабына сәйкес, әскери қызметтен жалтару ісі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде одан жалтарғандарға бір мың айлық 2 778 000 есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығын шектеп, түзеу жұмыстарына жіберіледі, көрсетілген мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Әскерге бармау үшін өз денсаулығына зиян келтіріп, жалған құжат жасау немесе әскерге бармаудың амалын жасағандарға үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі.
Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тексеру органы ісі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру бөліміне өз еркімен келсе, онда қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Әскери қызмет Отан-анамызды сүюге және туған жеріміздің тұтастығын сақтауға, оны қорғауға үйретерін естен шығармайық!
Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі
Версия для печати
Пікір үстеу