Сіз қолданатын банкте техникалық іркіліс болса, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Өзіңізге қызмет көрсетілетін банктегі техникалық іркілістерге байланысты қарапайым банк операцияларын жүргізе алмасаңыз, ең бастысы жағдайды объективті түрде бағалап алыңыз.
Осыған орай Fingramota халықтың қаржы сауатын арттыру жобасы бірқатар кеңес береді. Техникалық іркілістер – жеке компания болсын, мемлекеттік органдар болсын немесе екінші деңгейдегі банк болсын әр ұйымда болатын жағдай. Мұндайда сабырлық сақтап, бірнеше қарапайым қағидаттарды басшылыққа алғаныңыз жөн.
Сіздің «қаржылық қауіпсіздік жастықшаңыз» болуы тиіс
Өмірде шұғыл ақша қажет болып қалатын түрлі көзделмеген жағдайлар болып тұрады. Егер шұғыл түрде ақша алу керек болған кезде өзіңізге қызмет көрсететін банктегі техникалық іркіліс сізді ренжітуі мүмкін. Сондықтан да банктің жұмысындағы іркілістердің салдарынан болатын қаржылық қиындықтардан өзіңізді ішінара сақтау үшін «қаржылық қауіпсіздік жастықшасының» болуына көңіл аударған маңызды. Түрлі банктің кемінде 2 банк картасының болғаны дұрыс, олардың әрқайсысына қаражаттың қорын сақтап қоюға болады. Осылайша, сіз қаржы ұйымдарының бірінде туындаған техникалық қиындықтарды сабырлықпен өткізе аласыз. Сонымен қатар, түскі ас ішу, жолақысын төлеу және аздаған азық-түлік сатып алу үшін ақша шұғыл қажет болып қалатын жағдай үшін қолма-қол ақша түріндегі біраз соманың болғаны дұрыс. Әдетте, банктегі техникалық іркіліске байланысты жағдай біраз сағат, көп болғанда бір күн ішінде шешіледі. Сондықтан «қаржы жастықшасының» болуы сізді көптеген проблемалардан құтқарады.
Ресми ақпаратқа ғана сеніңіз
Әрбір қаржы ұйымында барлық жаңалық пен түсіндірмелер жарияланатын сайты, әлеуметтік желілерде ресми беттері бар. Сонымен қатар, әдетте көзделмеген жағдайлар туындаған кезде банктің баспасөз қызметі немесе басшылығы республикалық БАҚ-та ресми мәлімдеме жасайды. Осы ақпаратқа сенуге болады. Ал мессенджерлердегі таратылымдарға немесе жеке тұлғалардың банкке қатысы жоқ мәлімдемелеріне ден қоюдың қажеті жоқ. Осындай ақпараттың жалғаны екенінің ықтималдығы көп.
Қырағы болыңыз, алаяқтардан сақтаныңыз
Туындаған техникалық қиындықтарды қаржы алаяқтары пайдалануы мүмкін, олар сізге банктің атынан қоңырау шалуы немесе жазуы және өзіңіздің жеке деректеріңізді карточканың нөмірлерін және үш мәнді сәйкестендіру кодтарын айтуды сұрауы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын оларға ешқандай ақпарат бермеңіз және өз жақындарыңызға, әсіресе егде жастағыларға ескертіңіз. Банк ешқашан жеке деректерді талап етпейді және бірінші болып сөйлесуге бастама жасамайды. Сізге қоңырау шалған нөмірді жазып алып, оны өз банкіңіздің қауіпсіздік қызметіне хабарлаңыз. Сондай-ақ алаяқтардан жалған ақпараттар әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы таратылуы мүмкін. Бөгде адамдардан келіп түсетін заңсыз нұсқауларды қандай жағдайда болмасын орындамаңыз. Банк барлық кедергілерді дербес жояды және оған осыған қатысты клиенттердің көмегі қажет емес!
Кедергілер жойылғаннан кейін барлық шоттарыңыз бен деректеріңізді тексеріңіз
Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін өзіңіздің шоттарыңыздың жағдайын және аталған жеке деректерді міндетті түрде тексеріңіз. Егер проблема немесе қате анықтасаңыз, банкке call-орталық немесе мобильдік қосымша арқылы жүгініңіз. Сізге міндетті түрде көмек көрсетеді және қайта туындаған мәселелерді жояды.
https://www.inform.kz/kz/siz-koldanatyn-bankte-tehnikalyk-irkilis-bolsa-ne-isteu-kerek_a3711907
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу