8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2022 1945 0
Медицина

Сирек кездесетін ауруды жұқтырған оралдыққа ота жасалды

Оралдық санитар-дәрігерлер ит-мысық асыраушылардың барынша сақ болуын сұрап отыр. Өйткені қала тұрғындарының бірі адамдарда сирек кездесетін ауруды осы хайуандардан жұқтырыпты. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, «дирофиляриоз» дерті биыл бірінші рет анықталып отыр. Қатерлі ауруды жұқтырған науқасқа дереу ота жасалып, сылынып тасталған. Қазір сырқат толық емделіп, үйіне жіберіліпті. Бірақ ит-мысық асыраушылар мен табиғат аясында жиі жүретін аңшы-балықшылардың да сақ болғаны жөн, дейді мамандар. – Дирофиляриозды барлық жастағы адамдар жұқтыруы мүмкін. Дегенмен ит пен мысық өсірушілер, ашық су қоймалары жанында тұратын адамдар және табиғат аясына жиі шығатын адамдарда көбіне жұқтыру қаупі жоғары болып табылады. Қатты қышу, шағуға тән емес ауырсыну сезімдері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн дейді,- БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айшат Ұзақбай. Мамандардың айтуынша, бұл ауру адамдар арасында өте сирек кездеседі. Бұған дейін бұл дертті әсіресе ит-мысық жұқтырса, соңғы жылдары адамдар арасында да тарала бастаған. Қанмен тарайтын инфекция маса мен бүрге секілді қансорғыш жәндіктер шаққанда жұғады екен. Дирофиляриозді жұқтырған жанның терісінің астында түйін пайда болады. Егер гельминт аурудың асқынуы ықтимал.
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
145 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
356 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»