8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Наурыз 2019 1830 0
Қоғам

ШАҺАР БАСШЫСЫ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

               Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев шаһардағы түрлі салада белсенді еңбек етіп жүрген нәзік жандарды мерекелерімен құттықтады. Мерекелік дастарханда бас қосқан әйел-аналар қала басшысына ризашылығын білдіріп, емен-жарқын әңгімелесті.  

        – Біздің қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін сақтаушы ғана емес, әлеуметтік-саяси өмірге белсене араласатын қоғам мүшесі. Елімізде әйелдердің әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Елбасымыз көпбалалы аналарға қолдау көрсету мәселесіне үлкен көңіл бөлуде. Жақында «Нұр Отан» партиясының съезінде де осы мәселеге назар аударды және мемлекеттен арнайы көмектер ұйымдастыруды, қолдау көрсетуді тапсырды. Тарихымызда бір отбасыға ғана емес, тұтас елге үлгі-өнеге көрсеткен ардақты аналарымыз бен батыр аруларымыз болған. Бүгінде ақ жаулықты аналарымыз, намысты аруларымыз қоғамның сан түрлі саласында елге адал қызмет етіп жүр. «Ананың қалауын орындаған, ананың ақ тілек батасын алған ұл-қызының ісі оң болады» дейді халық даналығы. Аналардың мұң-мұқтажы назардан тыс қалмайды. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын, өмірлеріңіз қуанышқа толсын, – деп құттықтауын жеткізген Мұрат Рахметұлы әйел-азаматшаларға гүл шоқтары мен сый-сияпатын табыс етті. Сондай-ақ Елбасы Жарлығына сай, жеті баланы өмірге әкелген көпбалалы аналар Марина Алексеева мен Гүлсара Жидебаеваға «Алтын алқа» тақты.

Жиында аналарға қалалық мәслихат депутаттарының құттықтауын жеткізген қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеров: – Өзім де көпбалалы отбасында тәрбиелендім. Сегіз баланың үшіншісімін. Қазір анам – 83-те. Төрт қарындасым, екі келінім бар. Алты немеремнің бесеуі қыз бала. Ананың, қыз баланың өмірдегі рөлін өте жоғары бағалаймын. Сіздердің әрқайсыларыңыздың біз үшін орындарыңыз ерекше. Қалалық мәслихат депутаттары түрлі мәселемен жүгінген әйел-аналардың өтініштерін шешуге  әрдайым атсалысып келеді. Ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, хал-жағдайларын біліп тұрады, – дей келіп, аналардың жағдайы үнемі назарда екенін жеткізді. Ал қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаев кеңес құрамындағы нәзік жандардың қоғамдағы түрлі мәселелерге бей-жай қарамай, белсенділік танытып жүретінін айтты.

Жиында жазушы-журналист Мира Шүйіншәлиева аналарға құрмет көрсеткен қала басшысына барша әйел-азаматшалардың атынан ризашылығын білдірді. – «Ана –алақанның  аясы, ақ шынардың саясы». Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім табасыз» дейді.  Осы отырған аналар екі алақанына қоғамның тыныс-тіршілігін, елдің, заманның үнін сыйдыра алатын жандар. Өйткені әрқайсының қоғамда ойып тұрып алатын орны бар. Мұрат Рахметұлы, шаһардың көшін бастаған сізге, айналаңыздағы тілеулес жандарға аналардың атынан алғыс білдіремін. Қалада жасалып жатқан жұмыстарды үнемі ақпараттандырып, өздеріңізбен бірге жүреміз. Жақында Астана  туралы бір фильмнің тұсаукесерінің куәсі болдым. Елбасы Астананы тұрғызарда бірі оны қолдайды, бірі қарсы шығады. Жолдасы Сара Астананы салмай-ақ қой. Халық арасында екі түрлі пікір туып жатыр деген секілді ойын айтады. Сөйтіп,  қалғып кетсе, өмірден ерте кеткен аяулы анасы түсіне еніп, иығынан алақанымен сипап «Балам, бастаған ісіңді тастама. Уәдеңді орында» деп аян береді. Осылайша Елбасы аяулы анасының түсінде айтқан ақылына құлақ асады. Міне, ананың ұлылығы осында, –  деген  Мира Хамзақызы ел үшін, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан игі істерге жеміс тіледі, кеудесіне алтын таққан қос ананы қуаныштарымен құттықтады. Кешті қала өнерпаздары әсем әндерімен айшықтап, аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
102 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
195 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
206 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
238 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
263 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
633 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
769 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
803 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1079 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1088 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1216 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1515 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1612 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1639 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1846 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2117 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»