8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Желтоқсан 2020 1237 0
Қоғам

ҮШ АУДАНДА АЭРОДРОМ САЛЫНАДЫ

         Қазіргі таңда «Орал» ӘКК «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-мен бірлесіп, Орал қаласының әуежайын қайта жаңарту жобасын іске асыруда. Әуежайды қайта жаңарту жұмыстарын қаржыландыру «КПО б.в» компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары шеңберінде жасалады. Бас мердігер – «КаzConstructiоnGroup» ЖШС. Қайта жаңарту терминал аумағын 7 шаршы метрге дейін ұлғайтуды, тұрақтар ұйымдастыруды және аумақ маңын абаттандыруды көздейді. Сондай-ақ жоба 1,2 млрд. теңге сомасына аэровокзал терминалының технологиялық құрал-жабдықтарын жаңартуды, халықаралық стандартқа, шекара және  кедендік бақылау талаптарына сәйкестендіруді қарастырады. Қайта жаңғырту сомасы шамамен –  2,0 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары  Қазбек Менеев  айтып берді.   

Жаңа автобустармен толықты

Қазбек Абдолғазезұлының мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылы қаңтар-шілде айларында  134 млн. жолаушы тасымалданған. Тасымал көрсеткішінің төмендігі ел аумағында карантиндік шараларды енгізумен байланысты. Яғни есепті кезеңде енгізілген шектеулерге байланысты жолаушылар тасымалдаулардың барлық түрлері тоқтатылған болатын.

Бүгінде облыста жұмыс жасайтын жеті халықаралық (Самара,  Орынбор, Тольятти, Саратов, Бузулук, Казань, Ақсай-Орынбор), екі облысаралық (Атырау, Ақтөбе), 22 облысішілік,  37 ауданішілік, 34 қалалық маршрут бар. Өндірістің тоқтап тұрғанына және карантиндік шаралардың енгізілуіне қарамастан, облыс тасымалдаушылары автобус парктерін жаңартуда. Биыл үш облысішілік маршрутта үш жаңа автобус сатып алынып, маршрутта қызмет көрсету үшін жаңа куәліктер беріліпті. «Жібек-жолы» ЖК («Ақжайық-Орал» маршрутында), «Төлепбергенов Д.С.» ЖК («Чапаев-Орал» маршрутында) Газель маркалы 18 орындық  автобус және «Жиенбай» ЖШС сыйымдылығы 41 орындық «Golden Dragon» (ҚХР) («Қазталов-Орал» маршрутында) автобус сатып алған. Бұл  жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға оң әсерін тигізері сөзсіз. Ал өткен жылы «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС облысаралық маршруттарға сыйымдылығы 51 орындық «Yutong» маркалы үш автобус сатып алған. «Қазақстан Елім» ЖШС «Golden Dragon» маркасы үш автобус алса, «Жиенбай» ЖШС сыйымдылығы 57 орындық «Van Hool» маркасы 1 автобусымен қатарын толтырған.

 

Маршруттар субсидияланды

  Облысішілік маршруттар бойынша тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау үшін осы жылы 125,9 млн. теңге бөлінді, соның күні бүгінге дейін 101,8 млн. теңгесі игерілген.

– Облысішілік тоғыз маршрут субсидиялануда, олар –«Тайпақ-Орал», «Жаңақала-Орал», «Қаратөбе-Орал», «Қазталов-Орал», «Жалпақтал-Орал», «Жәнібек-Орал», «Шыңғырлау-Орал», «Ақжайық-Орал», «Чапаев-Орал» бағыттарында жүреді.  Тасымалдаушылар «Қазақстан Елім» ЖШС, «Жиенбай» ЖШС,  «ЖәнібекСтройСервис» ЖШС, «Уразалин Б.М.» ЖК және «Жібек-жолы» ЖК. Маршруттарды субсидиялау халықтың  аз қамтылған топтары үшін  қолжетімді жалақымен қамтамасыз етіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік берді, – дейді Қ.Менеев.

2017 жылы субсидияланған автобус маршруттардың саны – бесеу болса, 2018 жылы – 6, өткен жылы – 7 маршрут субсидияланған. Бүгінде облыс арқылы «Алматы-Саратов» халықаралық, «Орал-Нұр-Сұлтан», «Орал-Алматы», «Орал-Ақтөбе» облысаралық, «Орал-Озинки», «Орал-Шыңғырлау» ауданаралық қатынастары пойыздары өтеді. Сала басшысы орынбасарының айтуынша, «Орал-Озинки» және «Орал-Шыңғырлау» әлеуметтік маңызы бар маршруттарын субсидиялау бағдарламасы іске асырылуда. Ағымдағы жылға тасымалдаушы «Қала маңындағы тасымал» АҚ теміржол маршруттарын субсидиялау үшін облыстық бюджеттен 181,7 млн. теңге бөлінген. 2020 жылғы 30 қарашаға дейінгі ахуал бойынша 17 297 адам тасымалданып, 94,7 млн. теңге көлемінде субсидия игеріліпті.

 Әуежай жаңаруда

Орал қаласы әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Франкфурт бағыты бойынша ұшақтар ұшады. Қазіргі уақытта ғимаратты монтаждау 100 пайызға орындалған.

–  «Орал» ӘКК «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-мен бірлесіп, Орал қаласының әуежайын қайта жаңарту жобасын іске асырудамыз. Жобаны түзету бойынша жұмыстар жүргізілді. Аталған жобаның жобалаушысы «Кульман» ЖШС. Ғимаратқа техникалық  қарау қайта жүргізілді, телімнің топографиялық түсірілімі жасалды. Ғимараттың орналасуы және эскиздік жоба орындалды, – дейді бұл турасында сала маманы.

Ескі ғимараттың аумағы 3850 шаршы метр болса, қайта жаңғыртудан соң 7000 шаршы метрді құрайды деп күтілуде. Жолаушылар ағынының қарқыны – жылына  267 000. Қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау 2021 жылға жоспарлануда. Былтыр Сайқын, Жәнібек және Қазталов аудан орталықтарында үш аэродром салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген.ТЭН-ді әзірлеуші – «Эдли и К» ЖШС жобалық ұйымы. Қазіргі таңда үш аэродром салу жобасының ТЭН мемлекеттік сараптамадан өтуде.  – Шалғай аудан орталықтарында әуежай салу, жобаларды іске асыру аудандардың дамуына оң әсер етеді, ішкі туризмды дамытуға мүмкіндік береді, облыс орталығы және аудандар аралығында үздіксіз әуе қатынасын қамтамасыз етеді, – дейді Қ.Менеев.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
95 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
312 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
799 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1175 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1098 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1536 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2151 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2318 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2325 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2375 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2378 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2015 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2860 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2913 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2910 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3518 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3489 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3477 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3456 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3617 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3663 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»