САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫҢ БҰЗЫЛУЫН ТІРКЕМЕГЕН МОНИТОРИНГ ТОП МҮШЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
17 қараша күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен коронавирусқа қарсы облыстық жеделштабтың отырысы өтті. Мемлекеттік органдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысқан кезекті онлайн басқосуда өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, мониторингтік топтардың жұмысы күн тәртібіне қойылды.

Індеттің таралуының басты себептерінің бірі – көпшілік жиындар. Облыс аумағында санитарлық талаптардың сақталуын қадағалаушы мониторгтік топ жүргізген жұмыстар негізінде кәсіпкерлер ахуалды түсініп, шараларды ұйымдастыруды азайтты. Десек те мониторинг топтың назарына іліккен бұзушылықтар кездесуде. Облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиевтің мәліметінше, өткен аптада 242 рейд жүргізіліп, 2594 нысанды қамтыған. Олардың ішінде 19 нысанның санитарлық талапты бұзғаны анықталған.
– Мәселен, 14 қараша күні «Орал Арзан» дүкені, «Айзат» сауда үйі, «Аяжан» базары, «Айбат» мейрамханасы, «Ритм» кафесі, 15 қарашада Некрасов көшесіндегі жалға алынған коттеджде санитарлық талаптың бұзылуы анықталып, тіркелді. Материалдары тиісті шара қабылдау үшін Орал қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасына жолданды. Қазір енгізілген санитарлық талаптардың бұзылуын анықтау мақсатында коттедждер тексерілуде. Жылжымайтын мүлікті жалға беру сайттары арқылы көпшілік шаралар өткізілуі мүмкін коттедждер анықталды. Сонымен қатар қоғамдық көліктерде санитарлық талаптардың сақталуы бойынша мониторинг жасалуда. Қазір осы бағытта тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілуде, – деген Айдар Аллабергенұлы санитарлық талаптарды бірнеше рет қасақана бұзған нысандардың қызметін тоқтату мәселесі қолға алынғанын мәлім етті.
Десе де, мониторингтік топтар санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау барысында алалауға жол беретін көрінеді. Бұл жағдайды қатаң сынға алған облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы бұзушылықты тіркемеген мониторингтік топтың құрамындағы қызметкерлерді жұмысынан шығару туралы мәселе қозғалатынын ескертті.
– Заң бәріне ортақ. Мониторинг топтардың шараларды толықтай тіркемейтіні және айыппұл салмайтыны туралы ақпарат түсті. Егер бұл дерек расталса, мониторинг топ мүшелерінің мәселесі тиісті мемлекеттік мекеме басшылығы алдында қаралатын болады. Енгізілген талаптарды бұзғандар жауапкершіліктен қашу үшін таныстықтарын пайдаланады екен. Бір заңбұзушыны жауапқа тартып, екіншісіне кешірім беру дұрыс емес, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу