8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2023 1358 0
Оқиға

Сәби оққа ұшқан


Батыс Қазақстан облысында болған атыста жарақат алғандардың ішінде бір жасар сәби бар. Оқтың ұшқыны тиген кішкентай қызға ота жасалған, қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Кеше кешке шаруа қожасы ауыл тұрғыны арасында туған кикілжің дауға ұласып, арты атыспен біткен. 48 жастағы азамат көлігінен аңшы мылтығын алып оқ атқан. Кесірінен 34 жасар ер адам мен 59 жасар әйел және бір жасар қызға бытыра ұшқыны тиген. Облыстық балалар ауруханасына түнде жеткізілген кішкентай қызға ота жасалған. Қазір оның жағдайы «орташа ауыр» деп бағаланып отыр.

– Сәбидің жағдайы орташа ауыр. Көп қан жоғалтпаған. Хирургиялық жолмен бытыра ұшқыны алынды. Әзірге дәрігер бақылауында болады,- деді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жайдар Сапарғали.

Жараланған екі үлкен адамның да жағдайы орташа дейді дәрігерлер. Олар аудандық ауруханаға жатқызылыпты. Ал оқ жаудырғаннан кейін қашып кеткен азаматты полицейлер сегіз сағаттың ішінде қолға түсірген.

– Полиция департаменті мен жедел іздестіру іс шаралары қолға алынды. «Тосқауыл» жедел жоспары енгізілді. Және өңірдің барлық жеке құрамына бағдар берілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, ол Сырым аудандық АПБ уақытша изоляторнына қамуға алынды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді,- деді БҚО ПД бастығы Арман Молдиярұлы.

Қазір болған жағдайға қатысты егжей-тегжей тергеу басталған. Күдіктіге адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
146 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
130 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
357 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»