ПОЛИЦЕЙЛЕР 26 ЖЫЛҚЫНЫ ТАУЫП, ИЕЛЕРІНЕ ҚАЙТАРДЫ
БҚО-да жылқылардың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алайда, жылқылар еркін жайылымнан бегісіз бағытқа кетіп қалған екен, иелері өз беттерімен іздегенімен нәтиже болмапты.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жылқылардың жоғалуы туралы үш жәбірленуші арызданған. Жалпы шығын 9 млн. 700 мың теңгеге есептеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы, 4-бөлімімен (мал ұрлығы) қылмыстық іс қозғалды.
– Жылқыларды іздеуге Еңбек полиция бөлімінің толық жеке құрамы бағытталды. Сондай-ақ БҚО Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жылқылар далалық еркін жайылымнан табылды. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өз малдарын қараусыз жайылымға жібермеулерін ескертеміз. Мал ұрлығы ауыр қылмыстар санатына жатады, сол себепті шағым түскен кезде айтарлықтай ресурс тартылады. Аудандық полиция бөлімдері қызметкерлері тікелей жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болады, әрі қосымша күш жұмылдырылады. Ал нәтижесінде мал еркін жайылымда болып шығады. Өңірімізде тіркілген мал ұрлығының 80 пайызында мал еркін жайылымнан ұрлап кеткен. Сондықтан сақтық керек, – деді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібеков.
Ал «жылқыларын жоғалтқан» иелеріне мал жайылымы және малды ұстау ережесін бұзғандары үшін ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конституции
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО

Кіру
Пікір үстеу