ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ
10 тамыз күні облыстық педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы аясында «Педагогтің кәсіби дамуы: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында тәрбие, әлеуметтік-психологиялық қызмет, қосымша білім беру мен арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының секциялық отырысы өткізілді.

Шараның мақсаты – педагогтердің шығармашылық шеберлігін шыңдау арқылы инновациялық ортаны қалыптастыру және қашықтықтан оқыту бойынша сабақ үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігін арттыру, цифрландыру бағытында жаңаша жүргізілетін жұмыстарға бағыт беру болып табылады.
Секция жұмысына Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, тәрбие, әлеуметтік-психологиялық қызмет, қосымша білім беру ұйымдарына басшылық жасайтын АӘК (ҚӘК) әдіскерлері және инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандар, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтер, әлеуметтік-педагогтер, оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемелері, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің меңгерушілері, дефектологтері, логопедтері, тәрбиешілері, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, түзету сынып педагогтері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, педагогтері қатысты.
Б.М.Хайруллин өз сөзінде қазіргі таңда қоғамда адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру аса маңызды болып отырғанын, бұл Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қамтылғандығын атап өтті.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша арнайы ұсынымдар қабылданып, қорытындыланды.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
zhaikuni.kz


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу