ПАНЕЛЬДІК РАДИАТОРЛАР ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жыл басынан бері бизнесті жеңілдікпен несиелеу мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымыздағы кәсіпорындарға жалпы сомасы 9,6 млрд. теңге несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қаржылық қолдау көрсетті. Жалпы 1,3 млрд. теңге болатын 117 жобаға қор кепілдемесі берілген. Бүгін, 22 қыркүйек күні «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының БҚО филилалы өз ісін дамытуда мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлік нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

«Дамудың» демеуіне ие болғандардың бірі – «Орал трансформатор зауыты» ЖШС. Зауыт экспорттық әлеуетті арттыру үшін «Басым жобаларды несиелеу механизмі» бағдарламасының шеңберінде екінші деңгейлі банк арқылы жылдық 15 пайыз мөлшерлемесімен 1,9 млрд. теңге несие алған, оның тоғыз пайызын «Даму» қоры субсидиялайды.
– Қаражат өндіріс көлемін ұлғайтуға және панельдік радиаторлар өндірісіне арналған екінші зауытты іске қосуға жұмсалды. Жаңа зауыттың құрылғылары Италия мен Испаниядан жеткізілді. Бұл зауыт мамыр айында жұмысын бастауы тиіс болған. Алайда, пандемияға байланысты құрылғыларды іске қосатын шетелдік сарапшылар елімізге келе алмай, уақыт созып алдық, – деген зауыттың сату бөлімінің менеджері Нұрберген Кәрімов кәсіпорынның өндіріс айналымын кеңейтуде мемлекеттік қолдаудың мол екенін жеткізді.
Жаңа зауыт іске қосылысымен 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ зауыттың аумағы әлі де игеріліп, болашақта трансформаторларды жөндеу және құрғақ құйма трансформатор зауыты салынбақ. Кәсіпорын өкілі жұмысшылар үшін бар жағдай жасалатынын айтты. Мәселен, қазіргі уақытта аумақта зауыт жұмысшылары үшін жатақхана салынуда.
Сондай-ақ «Даму» қоры арқылы қолдауға ие болған «Талап» АҚ медициналық орталықтар желісі орталықтардың бірінде магниттік-резонанстық томография кабинетін ашса, мүмкіндігі шеутеулі балаларға арналған «Шаңырақ» түзете-оңалту орталығы жұмысын бастады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу