ОРАЛДЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ
Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады. Осы мереке Орал қаласы полиция басқармасында аталып өтті.


Шарада алғаш сөз алған Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Наурызбай Ғұмаров жеке құрамды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, татулық, отбасыларына береке-бірлік тіледі. Шашу шашылып, «Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін». «Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!» деген ақ жарма тілектер айтылды. Бірнеше құрылымдық бөлімше қызметкерлері қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайып, көпшілікке наурыз көже ұсынды.
Өнерлі тәртіп сақшылары «Қос қарлығаш», «Қыз бала – гүл», «Үрбибі» әндерін әуелете шырқады. Ұлттық аспап-домбыра шанағынан «Көңіл толқыны» күйі төгілді.
Шара соңында жеке құрам жайылған «Наурыздың дәмі» дастарханынан дәм татып, тілектерін айтты.

Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу