ОРАЛДА ЖАҢА СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
Орал қаласына қарасты Зашаған кентінде облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі пайдалануға берілді.
Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын мектепті «АОЗТ КПО б.в» компаниясының тапсырысымен «KazConstructionGroup» ЖШС салған. Спорт мектебінде волейбол, баскетбол, гандболға арналған ойын залы, боксшыларға арналған қос ринг бар. Сонымен қатар велоспорт, триатлон, садақ атудан жаттығады. Ғимараттың барлық залдарында заманауи жабдықтар орнатылған.
—Халықтың денсаулығы — кез-келген мемлекеттің басты байлығы. Себебі спортпен айналысатын, салауатты ұрпақтан ел дамуына үлес қосатын азаматтар көп шығады. Елбасымыз осыдан бірнеше жыл бұрын еліміз бойынша кемі 100 дене шынықтыру кешендерін салу туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында облысымызда 10 ірі спорт кешендерін пайдалануға бермекпіз. Тағы да қуантарлық жайт, дене шынықтыру нысандарын ашуға тек мемлекет қаржысын жұмсамай, жеке секторды да тартудамыз. Осы орайда, кәсіпкерлердің көмегі зор. Бүгінгі ашылғалы отырған спорт кешені соның айғағы. Бұл қала күні мерекесіне үлкен тарту болды, — деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуына бокстан олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокстан IBF Inter-Continental тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы Данияр Елеусінов арнайы келді. Даңқты жерлесіміз оралдықтарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, мектептің болашақ чемпиондар тәрбиелейтін орталыққа айналуына тілектестігін білдірді.
Мектептің директоры Есенгелді Айсағалиевтің айтуынша, мектепте 10-23 жас аралығындағы 600-ден астам балалар мен жасөспірімдер жаттығады. 37 жаттықтырушы жұмыс жасайды.
– Бұрынғы мектебіміз ескі ғимаратта орналасқан еді. Аумағы 600 шаршы метр. Сол себепті жаттығу жүргізу үшін қаладағы 5 залды жалға алуға мәжбүр болдық. Жаңа ғимаратымыз 2000 шаршы метр – волейбол, футболға арналған спорттық зал, бокс залы бар. Мектебіміздің шәкірттерінің жетістіктері жоғары – биыл жасөспірім балалар өз топтарында, қыздарымыз өз тобында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионы, V Жастар ойындарының күміс жүлдегері атанды. Садақшы қызымыз Алина – Қазақстан Республикасының жеңімпазы. Токиодағы олимпиадаға сәл ғана ұпай санының жетіспеуі себепті жолдама ала алмады. Дегенмен, 2024 жылы Парижде өтетін олимпиадаға қатысады деген сенімдеміз, – деді мектеп директоры Е.Айсағалиев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру

Пікір үстеу