8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2020 1511 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» АРҚЫЛЫ 1600 ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛАДЫ

Орал қаласында жұмыс іздеп жүргендер назарына, жұмыспен қамту орталығы жастар практикасы және жұмыспен қамтудың жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек күшін жинау шараларын жалғасытыруда. Мәселен, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша күні бүгінге дейін 111 адамға жолдама берілсе, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорындарға 1600 жұмысшы қажет.


Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты аясында шаралар қолға алынды. Яғни, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын «жастар практикасының» қатысушысы – Албина Болатжанова жұмыспен қамту орталығына бағдарламашы мамандығы бойынша тәжрибеден өтіп жатыр. Жас маманның ойынша мұнда болашақта тұрақты жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік бар.

– Сынақтан екі аптадан бері өтіп жатырмын. Мамандығым өзіме ұнайды. Сол себепті мемлекеттік бағдарлама арқылы еңбек өтілімді бастап отырмын. Тәжрибесі жоқ біз секілді жастар үшін бұл бағдарлама таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын,– дейді Альбина Болатжанова.

Орал қаласында бүгінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған 2800 тұлға бар. 6300 адамға уақытша қызметке жолдама берілген. 19 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 1600 адам ақылы қоғамдық еңбекке жолданған. Жастар практикасы бағдарламасы аясында әлі де жас мамандар еңбекке тартылатын болады. Ол үшін халықты жұмыспен қамту орталығына келіп қажетті құжаттарды жинақтауы және жұмыссыз болуы тиіс. Бүгінде бұл бағдарлама аясында өткен жылы жолдамамен мекемелереге жіберілген 212 жас маман әлі де сынақтан өтуде. Олардың 90 пайызы тұрақты қызметте қалуына мүмкіндігі бар. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында да жұмыс орындары қызметкерлерді іздестіруде. Мәселен, 26 мердігер мекемеге 1600 жұмысшы қажет. Сұраныстағы мамандықтар қатарында құрылысшы, сылақшы, краншы, инженер т.б бар.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»