ОРАЛДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР ҚОСЫЛДЫ
Бүгіннен бастап №22 бағыттағы маршрут бойынша 20 жаңа автобус желіге шықты. Жақын күндері тағы 10 жаңа автобус қосылады.Бұл бағыттағы қоғамдық көлікке Батыс Қазақстан автобус паркі қызмет көрсетеді. Сондай-ақ бүгіннен бастап бастап жолақысын төлеудің электронды билет жүйесі енгізілді.
«Yutong» маркілі автобустар кеше жаңа алаңда таныстырылды. Облыс басшысы Ғали Есқалиев тасымалдаушы компания өкілдерімен кездесіп, жүргізушілерге салтанатты жағдайда көлік кіұлттерін табыс етті.
– Қоғамдық көлік бәріміз үшін маңызды. Бала жастан ересектерге дейін қоғамдық көлікті пайдаланады. Жыл басында тасымалдаушы компания басшылармен жақсы келісім жасалған еді – біз мемлекеттік бюджет есебінен субсидия есебінің көлемін көбейтуге, олар 100 жаңа автобус алуға уағдаластық. Сол келісім орындалуда. Бүгін 20 жаңа автобус әкелінді, жуырда тағы 10 автобус қаламызға келеді. Жыл соңына дейін 70 автобус келуі тиіс. Автобустарды қолжетімді бағада алу үшін мемлекет тарапынан 7 пайыздық жеңілдікпен 7 жылға несие түрінде көмек көрсетілді. Бұл – қаладағы жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатындағы шаралар. Бір автобус күніге 800-1000-ға дейін жолаушыны, жалпы барлық автобус 50 мыңдай қала тұрғыны мен қонақтарын тасымалдайды. Қоғамдық көлік қолжетімді. Соңғы бес жылда билет бағасы өзгерген жоқ, әрі әзірге өзгертілмейді. Жолақы бағасы 80 теңге болып қала береді. Екіншіден, қаламыз – ең таза қала. Осы орайда қаламыздың экологиясын сақтау үшін көліктердің де жаңа болуы маңызды, – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.
Биыл әлеуметтік маңызды маршруттар үшін 1210 млн. теңге субсидия бөлінді. Келісімге сәйкес, тасымалдаушылардан алғашқы болып «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС «Өндірістік дамыту қоры» арқылы 30 автобус алып отыр. Жаңа автобустар – отандық зауыт құрастырылымдары. Әрқайсысында 5 бейнебақылау жүйесі орналастырылған. Автобустар 30 орындық, жалпы сыйымдылығы 76 адамға дейін. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мінуіне де қолайлылық жасалған.
Айта кетейік, облыс орталығында 29 қалаішілік, 10 саяжай бағытына, 6 қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын маршруттар бар.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу