8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2021 2646 0
Өзек

ОРАЛДАҒЫ СУБҰРҚАҚТАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Шаһардың абаттандырылуына қатысты тұрғындар тарапынан сын көбейді. Субұрқақтардың іске қосылмауы, құрғап қалған гүлзарлар әлеуметік желілерге жүктеліп, тұрғындардың сынына қалып отыр. Оған қоса жарықтандыру, ағымдағы жол жөндеу, жол белгілерінің салынуы да қазіргі уақытта қала тіршілігіндегі маңызды жұмыстар. Атқарылуы тиіс жұмыстардың  кестеден кешіктірілуі және орын алған олқылықтар 22 маусым, сейсенбі күні қала әкімі Абат Шыныбековтың аталған қызметтерді жүзеге асыруды жауапкершілігіне алған мердігерлермен кездесуінде талқыланды. Қала басшысы әр бағыттағы олқылықтарды жою, жұмысты біріздендіру бойынша мекеме басшыларына уақыт беріп, кемшіліктер түзелмесе келісімшарт бұзылатынын ескертті. 

Қаланы абаттандыру жұмыстары бойынша қала әкімдігі мен мердігер мекемелердің арасында мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісім жасалды. Оның кейбірі бір жылдық болса, бірқатарымен үш жылға шарт бар. Құжатта тапсырысты орындаушылардың атқаруы тиіс міндеттері көрсетілген.  Алайда, бүгінгі күнге сол міндеттердің сапалы іске аспай отырғаны байқалуда.

– Шаһардың абаттандырылуы, көгалдандырылуы қалалықтардың көз алдында. Ең бастысы қала тұрғындар үшін қолайлы, жайлы болуы керек. Өкінішке орай, бұл жұмыстарда кемшіліктер бар, – деді жиынды ашқан Абат Шыныбеков.

Қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің мәліметінше, көгалдандыру, субұрқақтардың жұмысы, жол белгілерін реттеу, жарықтандыру және ағымдағы жол жөндеу жұмыстары бойынша конкурстық негізде жеңімпаз деп танылған «Жайық жарығы», «Уланов», «Жасұлан флора», «Казтехникас», «Адал арна» сынды мердігерлермен келісімшарт жасалған. Әкімдік тарапынан олардың қызметті сапалы жүгізулері үшін бар мүмкіндік жасалып отыр. Бүгінгі күнге дейін қаржыландырудың кешіктірілу мәселесі болмаған. Әрқайсысына конкурсқа түсер алдында орындайтын міндеттері түсіндіріліп нақтыланған және олар да талаптарды орындауды жауапкершілікке алып, қол қойған.

Мәселен, жол қозғалысын реттеу және ағымдағы күтіп ұстау бойынша «Жайық жарығы» ЖШС-мен 463 680,0 мың теңгеге келісім жасалды. Сондай-ақ қала аумағындағы 25 субұрқақтың жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін осы компаниямен 63 млн. теңгеге келісім бар. Шарттардың әрқайсысы үш жылға арналды.

Қала аумағында 700 жаяу жүргіншілер өтпесі белгіленуі тиіс. Жол белгілерінің  сызылуы бүгінге дейін аяқталып, тамыз айында екінші мәрте жүргізілуі тиіс еді. Алайда, мекеме алғашқы сызу жұмыстарын жуырда ғана бастады. Серіктестік  директоры Арман Есекеновтың сөзінше, жиі жаңбырдың жаууы, жолдардың лас болуы жұмысты бастауға кедергі болған. Осылайша, кестеден қалып отыр. Бүгінде мекеменің алты бригадасы екі ауысыммен жұмысты атқаруда. Субұрқақтардың іске қосылмауына да нөсер жаңбыр кесірін тигізген.

– Субұрқақтар бойынша алты адам жұмыс жасайды, техникаларымыз бар. 3 маусым күні қатты жаңбыр болды, Тұңғыш Президент алаңындағы жерасты шахталары суға толып қалып, үш күн бойы суды сору жүргізілді. Салдарынан 13 қозғалтқыштың істен шыққаны анықталды. Жөндеуге бердік, бүгінге тек төртеуі жөнделді. Қазіргі уақытта тоғыз субұрқақтың екеуі іске қосылды, – деген мекеме басшысы қалғаны осы аптада іске қосылатынын жеткізді.

Бірақ, қала басшысы ай басында болған жауыннан кейін арада 20 күн өткенін және бұл жаңбыр жаумай тұрып-ақ та субұрқақтардың жөнді жұмыс жасамағанын халық білетінін айтты. Әрі тұрғындар тарапынан күнбе-күн ескертпелер келіп жатқанын, субұрқақтардың  жұмыс жасауы сын көтермейтінін жеткізді.

– Бір-бірімізді алдамайық. Мониторингтік топтың  мүшелері де, қала тұрғындары да 3  маусымға дейін субұрқақтардың қалай жұмыс жасағанын біледі. 1 мамырға дейін Тұңғыш Президент алаңындағы 11 субұрқақты қосуды тапсырған едік. Тек тоғызын ғана қостыңыздар. Бұл мәселе қаланың басқа аудандарындағы субұрқақтарға да қатысты. Конкурстық құжаттамаға сәйкес жұмысшылар 10 адамнан кем болмауы керек. Бригада талапқа сай келмейді. Жұмысшыларыңыздың арасында құрылысшылар, монтаждаушылар, механиктер жоқ. Кейбір субұрқақтар өткен жылы да, биыл да жұмыс жасамай тұр. Кейбірі қалдықтарға толы. Әрине, тұрғындардан шағым болады, – деді шаһар басшысы.

Атқарылмаған міндеттер, кемшіліктер көп. Жіберілген ағаттықтар бойынша акт жасалып, нұсқама берілген. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мердігер 1 шілдеге дейін барлық субұрқақтардың іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс. Сол секілді жол белгілерінің сызылуы мен белгілердің орнатылуын ретке келтіруі керек.

Дәл осындай сын басқа да мердігерлерге айтылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
45 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
160 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
412 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
675 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
913 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
947 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1101 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1295 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1528 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1615 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1725 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1734 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1762 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1767 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1871 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2092 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»