ОРАЛДА КҮЙЕУІН ӨЛТІРГЕН ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ
Күйеуін айуандықпен өлтірген Орал қаласының тұрғыны енді өмірінің 10 жылын тар қапаста өткізетін болады. Үкім БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2 шілдеде шықты.

Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 20-сыншы қаңтары күні тіркелген.
– 1983 жылы туылған облыс орталығының тұрғыны Әйгерім Есенжанова жұмысынан келгеннен соң отағасымен келіспей қалып, ерлі-зайыптының ортасында жанжал туындайды. Нәтижесінде ашуға булыққан әйел күйеуін соққыға жығып ас үй пышағымен сол жақ кеуде тұсынан соққы жасайды. Алған жарақатының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында бірнеше минуттан соң жан тапсырады. Сот медициналық сараптама анықтағандай, айыпталушының қан құрамынан алкогольдік өнімдерді тұтынғаны белгілі болды. Енді ол жазасын ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сай адам өлтіру фактісі бойынша қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады, – деді судья Ермаханов.
Айыпты өз кінісін ішнәра мойындаған. Алайда, куәгерлер мен тергеу амалдары оның қанды әрекетін толықтай дәлелдеген.
37 жасар оралдық әйелдің жазасы заңды күшіне енбеген. Оның істі қайда қару үшін арызы 14 күн ішінде қабылданады.
Отбасында кәмелетке толмаған қос қыз бала тәрбиеленген. Олардың алдағы тағдырын арнайы құрылған комиссия қарауда.
Айнара ТӨЛЕУҒАЛИ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу