8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2019 2378 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Орал қаласында финдік-қазақстандық консорциумымен қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жобасы қолға алынды. Бүгін халық алдындағы есеп беру кездесуінде қала әкімі Мұрат Мұқаев жобаның жүзеге асырылуы туралы баяндап, ҚТҚ полигоны жаңа орынға көшірілетінін мәлім етті.

– Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны консорциумға сенімгерлік басқаруға берілді. Сондай-ақ қалдықтарды сұрыптау желісі құрылысын үшін 5 гектар жер бөлінді. Бүгінде үш корпустың құрылысы тәмам. Оның біреуі – жүктерді түсіруге, екіншісі – сұрыптау, үшіншісі – қайталамашикізат қоймасы болады. Кешен бойынша барлық жабдықтар әкелінді. Монтаждау жұмыстары жүруде. Жақын күндері іске қосылады, – деді қала басшысы Мұрат Рахметұлы.

Жоба аясында екінші деңгейлі шикізатты өңдеу жобасы жүзеге аспақ. Олардың барлығы кезең-кезеңімен атқарылады.

Сондай-ақ қала әкімі қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигон үшін жер телімі белгіленгенін атап өтті. Оның техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталған. Жаңа полигон қаладан қашықта, яғни 18 шақырым жерде орналаспақ. Бұрынғы қоқыс полигоны көмілетін болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
139 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
126 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
352 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»