ОРАЛДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН КИІМ-КЕШЕКТЕР БЕРІЛДІ
Елбасының оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Мектепке жол» республикалық акциясы жыл бойы өткізіледі.

Орал қаласы әкімігінің мәліметінше, қала мектептерінде 4000-нан астам аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар тіркелген. Жаңа оқу жылында 5000-нан астам бүлдіршін қала мектептерінің табалдырығын аттағалы отыр. Күні бүгін қала мектептері 700-ге жуық оқушыны оқу құралдары мен киім-кешектермен қамтыды.
Жылдан жылға акцияға қатысып, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға қолдау көрсетушілердің саны артуда, солардың ішінде қала әкімдігі, қалалық мәслихат, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, білім беру, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары, заңды және жеке тұлғалар белсенділік көрсетуде.
Қала әкімдігі қоғамның қайырымдылық әлеуетін жұмылдыру арқасында қаламыздың көмекті қажет ететін балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін, білім алуы үшін даяр болуына демеу болмақшы қала тұрғындары мен қонақтарын білім беру бөліміне (Н.Назарбаев даңғылы, 145 үй, тел.: 50-38-79) және қала мектептеріне жолығуларын сұрайды.
Еске сала кетейік, «Мектепке жол» республикалық акциясының мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларына қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу