ОРАЛДА 600-ГЕ ЖУЫҚ БОЗБАЛА ӘСКЕРГЕ ТЕКСЕРІЛУДЕН ӨТУДЕ
«Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды алдын ала зерделеу басталды», деп хабарлайды аталмыш басқарманың баспасөз қызметі.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тіркеуді жергілікті әскери басқару және тиісті жергілікті атқарушы органдар бірлесіп өткізеді. Мақсат – азаматтарды әскери есепке қоя отырып, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, білім және дене дайындығы деңгейін анықтау.
Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын барлық азаматтар шақырту қағазында көрсетілген құжаттарды өзімен бірге алып, нақты белгіленген күні шақырту учаскелеріне келуі қажет. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң негізінде меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, білім беру ұйымдарының басшылары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды қажетті уақытта босатуға және олардың Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келуін қамтамасыз етуге міндетті».
Медициналық комиссия құрамына әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша дайындықтары бар білікті дәрігер мамандар, яғни, хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, көз дәрігері, құлақ-мұрын дәрігері, дерматовенеролог, тіс дәрігері кіреді. Әскерге шақырушылардың әрқайсымен және оның ата-анасымен зерделеуге жауапты лауазымды тұлғалар жеке әңгімелесу жүргізеді. Орал қаласы бойынша биыл зерделеуден 600-ге жуық бозбала өтеді деп жоспарлануда.
Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген болатын. Әскери қолбасшының осы қанатты сөзі әр азаматтың намысын оятуы тиіс. Егеменді еліміздің әрқашан да еңсесі биік, өзге мемлекеттермен терезесі тең болуы маңызды. Сондықтан Отан алдындағы адал борышын абыроймен өтеу – әр азаматтың парызы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу