8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қараша 2018 2068 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА «ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР: ҚЫЗМЕТІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Орал қаласында «Қоғамдық кеңестер: қызмет мәселесі мен келешегі» тақырыбында республикалық конференция өтті. Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыруға бағыталған конференцияға ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Қалетаев, БҚО әкімі А.Көлгінов және қоғамдық кеңестер, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Республикада 229 қоғамдық кеңес жұмыс жасайды. Мүшелері – 4000-ға жуық. Батыс Қазақстан облысында 14 қоғамдық кеңес құрылған. Өңірдегі халық қалаулыларынан, зиялы қауым өкілдерінен және мемлекеттік қызметшілерден 376 адам кеңеске мүше.

Конференцияның пленарлық мәжілісін облыс әкімі Алтай Көлгінов ашып, кездесудің маңыздылығын, жиын барысындағы ұсыныстар, өзге өңірлердегі әріптестердің тәжірибесі алдағы жұмыс барысына септігін тигізерін атап өтті.

–  Даму кезеңінде қоғамдық кеңес өз ықпалын көрсетіп келеді. Облыс әкімі ретінде қоғамдық кеңес алдында өңірде жасалып жатқан жұмыстар туралы төрт мәрте есеп бердім. Кеңес мүшелерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдап, жұмыс барысында ескеріп келеміз. Республикалық конференцияның Оралда өткеніне қуаныштымыз. Конференция жұмысына халықаралық сарапшылардың қатысып отырғаны қуантады. Елбасымыз дүниежүзілік алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға мән береді. Қазір облысымызда ЭЫДҰ-ның жобаларын енгізуде жұмыстанудамыз. Әсіресе, цифрландыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Конференцияда тиімді ұсыныстар қозғалады деп сенемін. Жергілікті атқарушы орган өкілі ретінде біз қоғамдық кеңес институтын дамыту мақсатында бірлесе жұмыстануға дайынбыз, – деген Алтай Сейдірұлы конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті Асылбек Қожахметов атап өткендей, Қоғамдық кеңестер туралы заңнама қабылданған уақыттан бері Азаматтық Альянс ҚР Қоғамдық даму министрлігімен бірлесе Қоғамдық кеңестердің рөлін нығайту, әлеуетін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. 2016-2017 жылдары альянс министрліктің тапсырысы бойынша қоғамдық бақылау функциясын жүзеге асыру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қоғамдық кеңестер үшін оқыту семинарларын ұйымдастырған және kazkenes.kz интернет ресурсы дайындалған. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев баяндады.

– Қоғамдық кеңес институты бүгінгі таңда билік тармағы мен қоғам, елдің арасындағы дәнекер көпір ретінде танылып отыр. Республикалық, облыстық, аудандық деңгейлердегі қоғамдық кеңестер белсенді жұмыс жасауда. Қоғамдық кеңестер Елбасының 5 институционалдық реформасы шеңберінде және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 99-тармағындағы «Кеңестер құру» тапсырмасы негізінде құрылды. Тапсырманы орындаудың бастамасында Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық бәсекеге қабілетілік» индексінде 2014-15 жылдары 3,7 балға ие болсақ, қазір деңгейіміз өсіп,  4,6-ға жеттік. Бұл жұмыстың қарқынды жүргізілуі. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеу институты  жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде халықтың 55 пайызы Қоғамдық кеңес жұмысын тиімді деп көрсетсе, 45 пайызы тиімсіз екенін көрсетті. Қоғамдық кеңестің жұмысына берілген баға, – деген Дархан Аманұлы өз ұсыныстарын ортаға салды.

Бұдан әрі кеңесте қоғамдық кеңестердің қызмет жағдайының тиімділігін талдау және мәселелерді шешу мақсатындағы ұсыныстар айтылды. Қоғамдық кеңестердің болашағы және сапалық құрамы, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін нығайтудағы қоғамдық кеңес рөлі, ЭЫДҰ-ның «Азаматтықәріптес ретінде» бастамасы, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер арасындағы ынтымақтастық нұсқалары талқыланды.

Атап өту керек, қоғамдық кеңестер алты бағыт бойынша жұмыс жасайды. Екі жыл ішінде кеңес мүшелері 12 мыңнан аса нормативтік-құқықтық актілерді қараған. Қоғамдық бақылау аясында құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына, ПИК-тердің жұмысы, қоғамдық көліктер қызметі, дәрі-дәрмектің және бірінші кезектегі тамақтың құнына байланысты 300-дей зерттеу жүргізілген. Осы уақыт ішінде 1609 маңызды мәселе қоғамдық тыңдауға шығарылып, оған 28 мыңдай халық қатысқан.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
74 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
416 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
509 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
752 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1020 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1247 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1286 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1436 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1633 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1861 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1947 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2059 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2064 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2098 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2098 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2204 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»