ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ
«Ақжайық-адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында 21 мамыр күні Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. М. Нұрмұханбетов жобалық кеңсе алаңында азаматтарды онлайн қабылдау жүргізді.
Тікелей эфир кезінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан түрлі сұрақтар түсті. Спорттың дамуына, онлайн форматтағы жарыстар және саладағы басқа да мәселелер қозғалып, бөлім басшысы әлеуметік желі қолданушыларының барлық сұрақтарына толық жауап берді.
– Азаматтарды қабылдаудың міндеті – халықпен тікелей диалог орнату және нығайту, азаматтардың нақты әлеуметтік мәселелерін шешу, – дейді өңірдегі жобалық кеңсе жетекшісі Әлия Сәлиева.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы хабарлай алады.
Версия для печати
Пікір үстеу