ҚОНАҚҚА БАРЫП, ТЕЛЕФОН ҰРЛАҒАН
Орал қаласы жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары қылмыстың ізін суытпай ашты.
30 қыркүйекте Әбілқайырхан даңғылындағы бір жәйлі пәтерге қонаққа барған азамат пәтерден шығарда еркін түрде «Самсунг А-50» маркалы ұялы телефонды ешкімге көрсетпей, жан қалтасына сұға салған. Корпусы қара түсті ұялы телефонын ұрлатқан 1984 жылғы азамат полицияға шағымданды. Осы мекенжайға барған Орал қалалық Полиция басқармасы ЖПҚб учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Нықбаев 1996 жылғы күдіктінің ізіне түсіп, ұстады. Ол полиция басқармасына жеткізілді.
Орал қаласы Полиция басқармасы ұрлық жасаған азамат ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша жауапқа тартылатынын мәлім етті.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу