8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2021 2225 0
Қоғам

ҚОҒАМДЫҚ ЖАСТАР ТЕАТРЫ АЛҒАШҚЫ ҚОЙЫЛЫМЫН КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА ҰСЫНДЫ

Бүгін Оралда «Ғасыр жастары» қоғамдық жастар театрының ашылу салтанаты және жаңа театр сахналаған«Ғасырдан да ұзақ күн» романы желісіндегі спектаклінің премьерасы өтті. Бұл шараға Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.
Қоғамдық театр ұсынған қойылым белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасының желісі бойынша дайындалған. Қойылымның қоюшы режиссеры – мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері Жасқайрат Валиуллиев. Көркемдік жетекшісі және балетмейстері – Бұлбұл Сапарғалиева.
Өткен мен жаңа заманды ұштастырып, көрермен назарына ұсынған туынды көптің көңілінен шықты. Қойылым соңында қала әкімі актерлерге ризашылығын білдірді.
– Жаңа театрдың тұсаукесері дәл осындай шоқтығы биік тың туындымен ашылғанына қуаныштымын. Қазіргі қоғамның дертіне айналып бара жатқан мәңгүрттік тақырыбының трагедиялық спектаклде айтар ойы, тәлім-тәрбиелік мәні зор болды. Адамгершілік, ұлттық болмысты сақтап қалу, әдет-ғұрпымызды келешек ұрпаққа насихаттау сынды маңызды мәселелер қозғалған Шыңғыс Айтматовтың төл туындысының халыққа берері мол. Өскелең ұрпаққа осындай құндылықтарымызды ұғындыратын дүниелеріңіз көп болсын деп тілек білдіремін, – деді Абат Абайұлы.
zhaikuni.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
256 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
310 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»