8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қараша 2020 1668 0
Қоғам

НЕСИЕ ТАРИХЫ қанша уақыт сақталады?

 Несие тарихы – бұл сіздің қарыз алушының досьесі, онда сіздің барлық несиеңіз және бөліп төленетін сатып алу туралы жазбалар бар.

Сіз несиені қашан және қандай сомаға ресімдедіңіз? Ақы төлеу уақтылы болды ма әлде кешіктірілді ме? Басқа банктерге несие туралы өтініш жасадыңыз ба? Осының бәрі несие тарих базасына енгізіледі. Қарызды ресімдеу кезінде банк әлеуетті клиент туралы деректерді несиелік бюролардан сұратады – деп жазады FinGramota Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру компаниясы.

Несие тарихы қанша уақыт сақталады?

«Қазақстан Республикасындағы несиелік бюролар және несие тарихын қалыптастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес несиелік бюро несие тарих субъектісіне қатысты ақпаратты ол туралы соңғы ақпарат алынған күннен бастап 10 жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді. Қарыз алушылардың несие тарихтарының күшін жоюға жол берілмейді.

Нашар несиет тарихын түзетуге бола ма?

Өзіңіздің несие тарихыңызды жақсартуға болады. Мерзімі өткен қарызы бар қарыз алушылар үшін жақында мұндай мүмкіндік пайда болды. Несиелік бюро 90 күннен аса мерзімі өткен немесе өтіп жатқан несиеге (банктік қарыз немесе микроқарыз) «қалыпқа келтірілді» деген мәртебе бере алады.

Несие тарихындағы жағымсыз ақпаратты алып тастауға бола ма?

Егер кімде-кім сізге белгілі бір ақыға несие тарихыңызды «жақсартып беруге» немесе дербес несиелік есептегі жағымсыз ақпаратты алып тастауға ұсыныс жасаса, сенбеңіз – бұлар алаяқтар!

Несиеңіз болмағанның өзінде жылына бір рет несие тарихыңызды тексеріңіз!

Қазақстанның әрбір азаматы жылына бір рет несиелік бюродан (Мемлекеттік несиелік бюро және Бірінші несиелік бюро), ХҚО-дан немесе электрондық үкімет сайтынан өзінің несие тарихын тегін сұратып ала алады.

Несие тарихыңызды қарап жүріңіз, оны бүлдіру оңай болғанмен, қалпына келтіру қиын!
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»