8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Желтоқсан 2018 2403 0
Қоғам

Өнер қарашаңырағына – 25 жыл  

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры биыл – 25 жыл.  Желтоқсанның 21-і күні аталмыш өнер ұжымы мерейтойларын атап өтті.

Киелі қарашаңырақ – қазақ драма театрының мерейтойына жерлестеріміз Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров пен Қ.Қуанышбаев атындағы Астана мемлекеттік академиялық қазақ театрының директоры Айболат Сексенбаев, танымал театр және кино актерлары Меруерт Өтекешова, Гүлнәр Жақыпова, Мұрат Ахманов, Хазима Нұғманова, Азамат Сатыбалды, Берік Айтжанов, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры Нұрхан Қадірбаевтар арнайы келді.

Мерекелік шарада алдымен театрдың бас режиссері Самал Әбуовтың «Театр. Тарих. Тағылым» атты кітабының тұсауы кесілді. Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, жуырда ғана Елбасының Жарлығымен Құрмет грамотасымен марапатталған Самал Қадерұлының алғашқы кітабы өзі еңбек етіп жүрген киелі өнер ордасының 25 жылдық мерейтойына арналды. Ширек ғасырлық жылнамасы бар театр тарихы, автордың отбасының шығармашылық тынысы жайлы баяндалатын салмақты еңбек өнерді бағалайтын оқырманның жоғары бағасын алғаны да жасырын емес. Тұсаукесерде алғашқы болып сөз алған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, кітапқа алғы сөз жазған Рита Сұлтанғалиева жаңа туынды – жүйелі жұмыстың нәтижесі, ұлы өнерге адалдық танытқан жанның еңбегі екенін атап өтті. Ал айтыскер ақын, жуырда өткен республикалық ақындар айтысында «Алтын домбыраны» жеңіп алған Жансая Мусина жерлес ағасы Самал Әбуовке жүрекжарды лебізін бейнеэкран арқылы жеткізді.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, режиссер, кино және театр актері Мұрат Ахманов пен Қазақстанның халық әртісі, режиссер, кино және театр актрисасы Гүлнәр Жақыпова жаңа кітаптың салтанатты түрде лентасын қиды. Театр ұжымын мерейтойларымен құттықтаған Мұрат Ахманов өнер – құдіретті күш екенін жеткізді. Оралда ашылған облыстық театрда алғашқы жылдарда еңбек еткен өнер иесі өзімен бірге сахнада ойнаған, бұл күнде о дүниелік болған әріптестерін еске алды. Өнердің ұлы көші, осы салаға еңбек сіңірген сондай саңлақтар жайлы сыр шертетін тың дүниенің жалғасты болуын тіледі. Бұдан әрі Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының 25 жылдығына арналған іс-шаралар театр ғимаратындағы мұражайдың ашылу салтанатына ұласты.

 Қазақстанның халық әртісі, режиссер, кино және театр актрисасы Гүлнәр Жақыпова: – Бүгін осындай кештің куәсі болғаныма қуаныштымын. Әсіресе, театрда мұражайдың ашылуы – құптарлық бастама. Бұл – үлкен тарих. Мұнда келген жас ұрпақ театрдың бүгінге дейінгі қалыптасқан жолын біліп жүреді. Театр өнеріне деген халықтың сүйіспеншілігі артта түссе, киелі сахнадағы үлкен қойылымдар көбейе түссе деген тілегіміз бар. Алыста жүрсек те, туған жердегі мәдени жаңалықтарға құлағымызды түріп жүреміз, – деді.

Театр актері Мұсағали Бектенов қонақтарға мұражайды таныстырды. Театр ғимаратының жоғарғы қабатында орналасқан музейде өнер ордасында әр жылдары еңбек еткен сахна саңлақтарының фотосуреттері, тарихи сәттерден сыр шертер суреттер мен мақалалар, театрдың жүлделері қойылған. Сондай-ақ облыс театрына есімі берілген Қазақстанның халық әртісі Хадиша Бөкееваға арналған бұрыш жасақталыпты.

Театр ұжымы мен өнерсүйер көрерменді облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан құттықтаған Ғабидолла Абдоллаұлы: – Қазақ елі үшін Тәуелсіздік мерекесінен артық мейрам жоқ. Ал қазақ өнері мен әдебиеті үшін Мұхтар Әуезовтей тұлғаның орны бөлек. Ендеше 1993 жылы облыстық театрымыздың Тәуелсіздік күнінде жазушы-драматург Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» қойылымымен ашылуы кездейсоқтық емес. Бүгінде бұл қара шаңырақ Қазақстанның халық әртісі Хадиша Бөкееваның есімін иеленіп отыр. Театр ұжымы үш жыл қатарынан халықаралық гран-при жүлдегері атанды. Осындай жетістіктеріңіз молая берсін, – деді.

Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті, театр режиссері, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры А.Маемиров ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хатын тапсырды. Сонымен қатар Асхат Максимұлы батысқазақстандық театрды ұзақ жылдар басқарып, шетелдік драматургияның қазақтілді нұсқасын жасауға үлкен үлес қосқан Құжырғали Төлеуішов пен театрдың қазіргі басшысы, өнер ұжымын үш жыл қатарынан халықаралық фестивальдерге бастап барған Қуаныш Амандықовтың еңбектерін атап өтті.

Бұл күнгі салтанатты шара барысында қазақ театр өнерін өрістетуге үлес қосып жүрген актерлар мен театр қызметкерлері марапатталды. Айталық, Г.Шынтемір, С.Әбуов, Ә.Мәмбетова, А.Қайырова, А.Жакин, Д.Хамитов, Н.Сәдір, Ж.Әділова облыс әкімінің алғыс хатын иеленсе, С.Қажымұратов, Н.Жұбатова, Х.Шәмелова, Т.Жігеров, Ж.Құрманғалиева, А.Құсайынова, А.Жарылғапов, Е.Есендосова, Н.Сейітмағамбетов, Д.Омаровтар ҚР Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар театр ұжымының бір топ қызметкеріне облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттары, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісі, Қадыр Мырза Әлі атындағы төсбелгі, Талантты тану орталығының «Мәдениет майталманы» төсбелгісі, «Өнер саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Мерекелік кеште жергілікті өнерпаздармен қатар театр актерлары да өз өнерлерін көрсетті.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
159 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
244 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
255 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
287 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
311 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
683 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
818 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
853 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1127 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1136 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1265 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1563 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1661 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1687 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1896 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2168 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»